Далада өлеңі

Атырау облысы • Индер ауданы • Көктоғай ауылы

Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп мұғалімі: Алия Кенжеахметова Есенгелдіқызы

Сабақ тақырыбы

Сәкен Сейфуллин — «Далада» өлеңі

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ тілі

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мәлімет беру, «Далада» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық

Оқушының ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білім-білік дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, сыйластыққа және ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Баяндау Суреттеу Топпен жұмыс

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарларын сабаққа аударту.

2) Үй жұмысын тексеру

  • Сәбит Дөнентаевтың қысқаша өмірбаянын сұрау.
  • «Ой» фельетоны бойынша сұрақ-жауап.

3) Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Ой қозғау: «С. Сейфуллин кім?»

Таныстыру

Өмір жолын хронологиялық кесте арқылы түсіндіру.

Мультимедиа

С. Сейфуллин және оның мұражайы туралы қысқаша бейнеролик көру/тыңдау.

С. Сейфуллиннің өмірі: хронология

  1. 1894 — Қарашілік өңірінде дүниеге келді.
  2. 1905 — Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті (Өспен ауылы).
  3. 1913 — Омбы семинариясына оқуға түсті.
  4. 1916 — Бұғалы мектебін ашты.
  5. 1922 — «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы жарық көрді.
  6. 1926 — Гүлбаһрам Батырбекқызымен шаңырақ құрды.
  7. 1938 — өмірден өтті.

Кластер: тұлға бейнесі

С. Сейфуллин

Кең құлашты эпик ақын, жазушы, лирик; прозаик, драматург.

Мемлекет және қоғам қайраткері — ұлттық мәдениет тарихындағы ірі тұлғалардың бірі.

Қазақтың көрнекті ақыны — ойы өткір, тілі көркем, рухы биік қаламгер.

«Далада» өлеңі: кіріспе

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу. «Далада» — 1922 жылы шыққан «Асау тұлпар» жинағының алғашқы бетінде арнау түрінде берілген шығарма.

Ой толғау (топтық жұмыс)

1-топ

Өлең мазмұнын қара сөзбен баяндап беру.

2-топ

Өлең мазмұнына сәйкес сурет салып, сол жолдарды мәнерлеп оқу.

3-топ

Табиғат туралы төрт жол өлең құрастыру.

Өлеңді талдау: «Далада»

Негізгі талдау

Авторы
Сәкен Сейфуллин (1894–1938) — ақын, қоғам қайраткері.
Тақырыбы
Жастарды мақсатқа, арман-тілекке жету жолында аянбай күресуге үндеу.
Жанры
Лирика (арнау, жарлай арнау).
Идеясы
Жастардың жігері арқылы еркіндік пен теңдікке ұмтылу.

Құрылымы мен өлең құрылысы

Шумақ саны
1
Тармақ саны
42
Бунақ саны
2
Буын саны
7–8
Ұйқас түрі
Аралас

Әдеби-теориялық ұғымдар (троптар)

Теңеу

  • «танаулары шелектей»
  • «демі көріктей»
  • «оттай көріктей»

Эпитет

  • «қиырсыз дала», «кең дала»
  • «күшті дауыс»
  • «қамыс-құрақты көк өзен»
  • «аққулы-қазды шалқар көл»

Синонимдер

  • «әділдік, теңдік, еркіндік»
  • «жүйткіп, зымырап»
  • «тулады, орғыды»

Кейіптеу

  • «күңіренді дала»

Түсіндірме сөздік

  • жүген
  • құрық
  • ноқта

Өлеңнің түйіні

Өмірде қалыс қалмай, әрқашан биікте самғауға ұмтылыңдар.

Шығармашылық тапсырмалар

Талқылау сұрақтары

  • «Жастар» дегенде кімдерді түсінеміз?
  • Сәкен неге жастарға ерекше сенім артты?
  • Сәкен өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттың айырмашылығы қандай?
  • Қазіргі жастар мен бұрынғы кезең жастарын салыстырыңыз: қандай ортақ тұстар бар, қандай өзгеріс бар?
  • Бұл мақсаттарға жету үшін нені бірінші орынға қою керек? (Білім алу, еңбек, жауапкершілік.)

Мақал-мәтелдер (жастар туралы)

Оқушыларға жастарға арналған мақал-мәтелдер айтқызып, мағынасын талдату.

Тілдік жұмыс

«Далада» сөзінің дыбыстық (фонетикалық) талдауын жасау.

Сабақты бекіту

Қорытынды тест (дұрыс/бұрыс)

Мұғалім сөйлемдерді оқиды. Оқушылар келіссе «+», келіспесе «−» белгісін қояды.

  1. С. Сейфуллин Сарыарқаның даласында, Қарағанды облысында туған.
  2. «Өткен күндер» өлеңдер жинағы 1894 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
  3. Сәкеннің шын аты — Сырымбет.
  4. С. Сейфуллин 1916 жылы Омбыда оқытушылар семинариясын аяқтады.
  5. «Далада» өлеңінің негізгі тақырыбы — бостандық.
  6. Өлеңдегі «жас баладай» — теңеу.
  7. С. Сейфуллин поэмалары: «Далада», «Аққудың айырылуы», «Қызыл ат».

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.

Үй тапсырмасы

«Далада» өлеңінен үзінді жаттап келу.