Деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың түрі

Алгебра (9-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (қорытынды сабақ).

Сабақтың мақсаты

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы формуласын білу және оны қолданып есептер шығара алу.

Оқушылардың іскерліктерін дамыту, өз бетімен еңбектену дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың сабаққа ерікті түрде қатысуына, білімін көрсетуіне, топпен жұмыс істеуіне және өзін-өзі басқаруына ықпал ету.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс, жеке жұмыс

Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, ноутбук, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

  3. 3

    Қайталау (сұрақ-жауап түрінде)

  4. 4

    Есептер шығару

  5. 5

    Деңгейлік тапсырмалар

  6. 6

    Шығармашылық есептер (логикалық тапсырмалар)

  7. 7

    Үйге тапсырма

  8. 8

    Қорытынды

    «Нені білдің? Нені үйрендің?»

  9. 9

    Бағалау

Қайталау: сұрақ-жауап

Тақырыпты бекіту үшін төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар еске түсіріледі.

Біз нені білеміз?

Алдыңғы білімді жүйелеу және жаңа тақырыппен байланыстыру.

  • Сан тізбегі дегеніміз не?

  • Қандай тізбек арифметикалық прогрессия деп аталады?

  • Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай сан аталады?

  • Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формуласы қандай?

  • Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы қандай?