Наурыз келді салтымыз
Ақтөбе облысы • Мәртөк ауданы • Құмсай бастауыш мектебі
Мұғалімі: Нартаева Қазина Жақсылыққызы
Тақырып
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру; халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыздың қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер жазылған плакат
- Үнтаспа
- Ұлттық киімдер
- Ұлттық тағамдар
- Шарлар, суреттер
Құрылымы
Құттықтау сөздер, шашу, көріністер, өлеңдер, ән-күй, би және Наурыз көже туралы танымдық бөлім.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің,
Береке-ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған,
Әз-Наурызым, армысың!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын!
Елімізге, жерімізге қуаныш пен береке дарып, Наурыз жаңа үміттің есігін ашсын!
Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!
Алғашқы құттықтау
Алғашқы құттықтау сөз мектеп меңгерушісіне беріледі: ____________________________
Ән
Нартаев Саят пен Рысқұлов Айболат — «Құтты болсын, Әз Наурыз»
Шашу және Наурыз аруын қарсы алу
Наурыз келсе — құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
(Жүргізуші шашу шашады.)
Наурыз аруының келуі
Енді балалар, Наурыз аруымызды қарсы алайық. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады.
Жаннұр — Наурыз аруының сөзі
Наурыз аруымын, Ұлыс күнге
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын әркез бақытты!
Жыл иесі — Қой жылы
Қой жылының сөзі
Армысыздар, құрметті оқушылар және мерекенің қонақтары!
Сіздерді бүгінгі қуанышты күнмен құттықтаймын.
Зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!
Қош келдің, Қой жылы! Біз сені көптен күттік.
Келгеніңе өте қуаныштымыз. Кел, қонағымыз бол, төрлет!
Наурыздың мәні мен табиғаттың жаңаруы
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-ана да, жан-жануар да түлеп, жаңарады. Адамзаттың бойына қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады.
Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер бусанып, қызғалдақтар құлпырып өседі. Бел-белестерге қызылды-жасылды кілем төселгендей көрінеді.
Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жеті түрлі дәмнен Наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, ай бойы мерекені атап өтеді. Бұл — бүкіл Шығыс халқына ортақ мейрам: араздасқандар татуласып, ел ауызбіршілікке келеді.
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз ғасырлар бойы ұмытылмайды. Аңыз-дастан, жырлардан жастар оқып, тәлім алады.
Өлеңдер мен тілектер
Сымбат
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Айбар
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді — салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Халық даналығы
«Бұлақ көрсең, көзін аш!»
Бұл күні бұлақтар тазартылып, тіршілік нәрі жаңарады.
«Бір тал кессең, он тал ек!»
Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Саламат пен Алмат: «Апай, біз бұлақты тазартып болдық. Енді ағаш отырғызамыз.»
Ән
Жаннұр, Алмат, Саламат — «Шақырады көктем»
Наурыз көже: берекенің дәмі
Дастарқанның басты асы — Наурыз көже. Ол жеті түрлі тағамнан жасалады. «Наурыз көжені тойып ішсең, жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар.
Көрініс
«Наурыз көже қалай пісіріледі?» — оқушылар көрсетеді.
Ал енді Наурыз көже піскенше өлең айтып, тойлайық.
Хор: «Дастархан»
Құттықтау жырлары және концерттік бөлім
Айболат
Армысың, Наурыз, қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Инара
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Алмат
Жыл басы — Наурыз мереке!
Ақ нұрға әлем боялды.
Наурыз тойы — береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Саламат
Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер-ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр-салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мерекесі — Наурыз, жыл басы!
Саят
Сәулесі Наурыздағы таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Ән
Нартаев Саят пен Аманұлы Саламат — «Наурыз көктем»
Ән
Қыздардың орындауында — «Наурыз»
Би
«Наурыз думан»
Наурыз тойың, Наурыз тойың құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін, шырқа әнге салайық.
Ән: «Наурыз»
Марғұлан
Жүріңдер, Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын неке-саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Ақылбек
Наурыз, Наурыз — наз үнді,
Жер жап-жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Қорытынды
Наурыз — жаңару мен жарасымның мерекесі. Бұл күні айтылған ақ тілек, жасалған ізгі іс көбейсін. Ұлыс оң болып, ақ мол болсын!
Толық нұсқасын жүктеу