Бүгін қай күні

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні

Қазақ тілі (3-сынып)

Тақырыбы

Менің қонақтарым

Негізгі идея

Қонақ күту мәдениеті, сыйластық, сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • «Менің қонақтарым» мәтінімен таныстыру, мазмұнын түсіндіру.
  • Жаңа сөздермен сөйлем және сөз тіркестерін құрастыруға үйрету.
  • Жаттығулар арқылы білім мен дағдыларды қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Сауаттылыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
  • Таза әрі көркем жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлауын, сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.
  • Танымдық белсенділігін арттыру.
  • Лексикалық тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға машықтандыру.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

Сабақ түрі/типі: аралас сабақ (оқылым, жазылым, сөйлесім, грамматика, бекіту).

Көрнекілік: сөздік карточкалар, мәтін, суреттер, тапсырма парақтары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сынып оқушыларымен амандасу.
  2. Сынып тазалығын қадағалау.
  3. Оқушыларды түгендеу.
  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар достарына қандай сыйлық сыйлайтыны туралы қысқаша әңгімелейді.

III. Жаңа сабаққа кіріспе (сұрақ-жауап)

Талқылау сұрақтары

  • Сыйлықты қай кезде береміз?
  • Сыйлықты кімдерге береміз?
  • Сыйлық алғанды қай кезде ұнатасың?
  • Қонаққа кімді шақырасың?
  • Қонақтарды қалай күтеміз?
  • Қонақтар бізге не береді?

Осы сұрақтар арқылы оқушылардың ойы жинақталып, сабақтың тақырыбы ашылады:

Жаңа тақырып

Менің қонақтарым

Сөздікпен жұмыс

Мәтінмен таныспас бұрын жаңа сөздерді қайталаймыз және оларды қолданып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырамыз.

Қазақша

  • Қонақ
  • Сыныптас
  • Көрші
  • Келді

Орысша

  • гость
  • одноклассник
  • сосед
  • пришел

Мәтінмен жұмыс

Бүгін — менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, көршілерім, достарым, сыныптастарым. Атам мен әжем маған компьютер сыйлады. Мен оларға рахмет айттым.

Оқылым

  1. Мәтінді мәнерлеп оқиды.
  2. Мәтінді аударады.

Грамматика

Мәтіннен тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап.

Жазылым (2-тапсырма)

Төменде берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Сөйлесім: диалог

Диалогті жұбыңмен оқы.

— Сәлем, Марат!
— Сәлем, Вадим!

— Бүгін қай күн?
— Бүгін 3 мамыр.

— Сен қайда барасың?
— Мен қонаққа барамын.

— Кімге қонаққа барасың?
— Сергейге қонаққа барамын.

— Кіммен барасың?
— Досыммен барамын.

— Досыңның аты кім?
— Досымның аты — Асқар.

— Бүгін кімнің туған күні?
— Бүгін Сергейдің туған күні.

— Сен не сыйлайсың?
— Мен кітап сыйлаймын.

— Сау бол, Марат!
— Сау бол, Вадим!

Жаттығу: жалғауларды дұрыс таңда

Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Анам дастарқан... (–ға, –ге) бауырсақ, қуырдақ қойды.
  2. Дастарқан... (–да, –де) дәмді тағамдар бар.
  3. Қонақ төр... (–ға, –ге) отырды.
  4. Мен досым... (–ды, –ді) үйге шақырдым.
  5. Анар дастарқан... (–нан, –нен) кәмпит алып жеді.

Бекіту: өлеңмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып бер.

I топ

Дастарқанның басында, Әдептен біз озбаймыз. Үлкендердің қасында, Қолды бұрын созбаймыз.

II топ

Тамақ ішер кезде енді, Сөйлемейміз, күлмейміз. Астан басқа өзгені Елемейміз, білмейміз.

III топ

Әжем келген ауылдан, Әкелгені алуан дән. Дастарқанда тұр жайнап — Жент, бауырсақ, құрт, қаймақ.

Топтық тапсырмалар

Сурет бойынша әңгіме

Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Сол туралы әңгімелеңдер.

Сөздердің сыңарын тап

Берілген сөздерді сәйкестендіріп, дұрыс жұптарын белгіле.

Сипат

  • дәмді
  • тәтті
  • берекелі
  • жақсы
  • қонақжай

Зат/ұғым

  • дастарқан
  • бауырсақ
  • халық
  • кәмпит
  • қонақ

Қорытынды: дастарқан әдебі

Ережелер

  • Кішілер дастарқан басына үлкендер отырып болғанша күте тұруы керек.
  • Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.
  • Дастарқан басында өзгенің тәбетін бұзатын қылық жасама.
  • Тамақ ішкенде үстелге тым жақын отырма.
  • Тамақтан кейін аузың мен қолыңды майлықпен сүрт.
  • Дәмді тағам үшін алғыс айтуды ұмытпа.

Нақыл сөздер

  • Нанды үгітпе, қабығымен түгел же.
  • Асты жамандамайды.
  • Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді.
  • Ас — адамның арқауы.
  • Тату үйдің тамағы тәтті.
  • Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
  • Жаманнан жарты қасық ас қалар.
  • Қонақ келсе, құт келер.

Үй тапсырмасы

1-тапсырма

Мәтінді мазмұндау.

Жазба жұмыс

«Қонақты қай кезде күтесіңдер?» тақырыбына қысқаша әңгіме жазып кел.