Тыңдалым алды тапсырма

Қазақ тілі • 5-сынып Бөлім: Мәдениет, тіл және қарым-қатынас Сабақ тақырыбы: Мәдениет пен тіл

Оқу мақсаттары

Т/А3 — Мәтіннен ақпаратты анықтау

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну; негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

Т/А5 — Тыңдалым бойынша жауап беру және бағалау

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар

  • Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

Кейбір оқушылар

  • Мәтінде көтерілген мәселеге сұрақтар негізінде жауап береді.
  • Өз ойын толық әрі дәл жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
  • Негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.
  • Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі ұғымдар

  • Адамдардың бір-бірімен тілдесуі
  • Хабар беру
  • Ауызекі сөйлеу
  • Ойды жазбаша жеткізу

Диалог және жазылымға арналған тіркестер

Менің ойымша,

Мен мұны былай түсінемін:

Құндылықтар, пәнаралық байланыс және алдыңғы білім

Мектеп құндылықтары

  • Өзін және қоршаған ортаны сыйлау
  • Ынтымақтастық
  • Жауапты азаматтық ұстаным
  • Академиялық адалдық
  • Өмір бойы білім алу
  • Ашықтық

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Өнер
  • АКТ

Алдыңғы білім

Оқушылар 4-сыныпта алған білім, білік және дағдыларына сүйенеді.

Сабақтың басы (5–8 минут)

Ұйымдастыру кезеңі және белсенділікті арттыру

Оқушылардың қызығушылығын ояту және бұрынғы білімін еске түсіру үшін шағын сергіту ойыны өткізіледі.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Слайдта мақал-мәтелдердің алғашқы бөлігі көрсетіледі. Оқушылар оны оқып, жалғасын тез әрі дұрыс айтуы керек. Тапсырма орындау барысында оқушының шапшаңдығы бағаланады.

Бала тілі – бал.

Өнер алды – қызыл тіл.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

Ана тілің – арың бұл!

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

Бағалау

Белсенділік, шапшаңдық және білімділік танытқан оқушылар смайлик арқылы бағаланады. Тапсырмадан кейін оқушылар өз байқағандарын айтып, бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.

Одан кейін сабақтың мақсаттары мен жетістік критерийлері таныстырылады.

Тыңдалым алдындағы тапсырма (жұптық жұмыс)

Оқушылар төмендегі сұрақтарды жұпта талқылайды. Жауап беру кезінде бір-бірінің ойын толықтырып, дәлел келтіреді. Мұғалім жетекші сұрақтар арқылы бағыт-бағдар беріп отырады.

  • 1) «Мәдениет» сөзін қалай түсінесіңдер?

  • 2) Сөйлеу кімдерге тән қасиет?

  • 3) Ауызекі сөйлеу мен жазба тілді бір-бірінен қалай ажыратамыз?

  • 4) Қайсысы бұрын пайда болған деп ойлайсыңдар: ауызекі сөйлеу ме, әлде жазба тіл ме?

Қолдау және мадақтау

Оқушылардың өз ойын еркін, әдемі жеткізуіне назар аударылады. Еркін әрі әсерлі сөйлеген оқушыға «Керемет!», ал ойын толық жеткізген оқушыларға «Жарайсың!» деген жазуы бар қағаздармен мадақтау жасалады. Сынып қол соғып, бір-бірін жігерлендіреді.

Мәлімет

Мектеп
Атырау ХББ НЗМ
Мұғалім
Текеева Жанша Тажибаевна