Адамдар қайда

Ертеңгілік: Умка жаңа жыл мерекесіне келді

Тақырыбы

Құтты болсын Жаңа жыл!

Мақсаты

  • Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
  • Шыршаның әдемі, сәнді безендірілгенін көрсету.
  • Балалардың Аяз ата, Ақшақар және орман аңдарының карнавалдық киімдеріне назар аударту.
  • Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас қалыптастыру, бірлескен әрекетке баулу.

Сахналық желі

Көрініс 1: Солтүстік шұғыла

(Ақ аю мен Умка кіреді. Балалар әуенмен, қолдарында фонарик ұстап шығады.)

Диалог

Умка: Анашым, аспанда не жылтырайды?

Ақ аю: Балам, ол — солтүстік шұғыла.

Умка: (таңырқап) Қандай әдемі!

Ақ аю: Иә.

(Ақ аю мен Умка апанның алдында отырады.)

Жүргізуші 1: Түн. Солтүстік Мұзды мұхит. Анасы мен ұлы — Умка — ұйықтауға дайындалады. Апаны өте жылы әрі ыңғайлы.

Ақ аю: Ұйықта, Умка.

Умка: Анашым, маған ертегі айтып берші.

Ақ аю: Айтайын. Тыңда.

Кіріктірілген ертегі: “The Mitten” (ағылшын тілінде)

4–5 жастағы балаларға арналған қысқа қойылым. Кейіпкерлер: Author, Mouse, Frog, Hedgehog, Hare, Fox, Chorus of children.

Chorus of children (song)

Snowflakes falling all around, Falling, falling, on the ground. Falling here, falling there, On my nose, on my hair. Snowflakes falling all around, Falling, falling, on the ground.

Story

Author: Welcome to our forest! Snowflakes are falling around. Oh, look! What a pretty mitten! A mouse is running.

Mouse: I am a little grey mouse. I want to live in this house.

Author: Oh, look! A frog is jumping.

Frog: Oh, what a nice mitten! Knock-knock!

Mouse: Who are you?

Frog: I am a little green frog. I like to sit on the log.

Mouse: Come in, please!

Author: Oh, look! A hedgehog is running!

Hedgehog: Oh, what a nice mitten! Knock-knock!

Animals: Who are you?

Hedgehog: I am a hedgehog, a little one. I like to play. I like to run.

Animals: Come in, please!

Author: Oh, look! A hare is hopping!

Hare: Oh, what a nice mitten! Knock-knock!

Animals: Who are you?

Hare: I am a little white hare. I can hop. I can stop.

Animals: Come in, please!

Author: Oh, look! A fox is going!

Fox: Oh, what a nice mitten! Knock-knock!

Animals: Who are you?

Fox: I am a fox. I am clever and red. I like meat. I like bread.

Animals: Come in, please!

Author: It is so dark in the forest. But the animals are happy. They have got a little wonderful star.

Animals (song)

Twinkle, twinkle, little star, How I wonder what you are! Up above the world so high, Like a diamond in the sky. Twinkle, twinkle, little star, How I wonder what you are!

The End

Көрініс 2: Таң және жаңа жыл туралы әңгіме

Диалог

Жүргізуші: Таң атты, күн шуағын шашты.

Ақ аю: Балам, ұйқыңды аш.

(Умка оянып, керіліп-созылады.)

Умка: Түтіннің иісін сезіп тұрмын.

Ақ аю: Ол адамдар пеш жағып, тоқаш пісіріп жатыр. Жаңа жыл да таяп қалды.

Умка: Анашым, адамдар қандай болады?

Ақ аю: Адамдар екі аяқпен жүреді.

Умка: Ал Жаңа жыл деген не?

Ақ аю: Ол өте көңілді мереке. Адамдар жыл сайын үйлеріне шырша әкеліп, оны безендіреді. Шыршаны айнала ән айтып, би билейді.

Умка: Анашым, қандай қызық — ертегі сияқты!

Ақ аю: (армандай) Иә, балам, ертегі сияқты…

(Ақ аю шелекті алып сыртқа шығып кетеді. Умка жаттығу жасайды.)

Умка: (баяу) Бір… Екі…

Умка: (қуанып) Мен шырша мерекесін көргім келеді! Балалар мені көріп қатты қуанады!

(Умка шыршаның түбіне отырады. Осы сәтте анасы қайтып келеді.)

Ойын: «Қар көшкіні»

Балалар мата астына тығылып, «қар үйіндісін» жасайды. Ақ аю іздеп жүріп, әр жерге жақындайды, ал «қар көшкіні» орын ауыстырып отырады.

Көрініс

Ақ аю: (жан-жағына қарап) Умка, ұлым, қайдасың?

Ақ аю: Осында жоқ… мына жақта да жоқ… Қайда екен? Ай-яй-яй!

(Ақ аю шелекті алып шығып кетеді. Балалар орындарына отырады.)

Көрініс 3: Умканың сапары және жаңа достық

Умка: Мен шырша мерекесіне барамын, достарымды көремін!

(Пингвиндер секіріп кіреді.)

Умка: Адамдар қайда?

(Пингвиндер бастарын шайқайды.)

Умка: (ренжіп) Олар адамдардың қайда екенін білмейді екен…

Би

«Пингвиндер»

Ән

«Новогодний маячок»

Кездесу

(Сол кезде малақай киген бала мен Умка кездесіп қалады.)

Бала мен Умка: Ой, сен кімсің?

Умка: Мен Умка — ақ аюмын.

Бала: Ал мен — адаммын.

Умка: (иіскеп) Анам айтатын: адамдардан түтін иісі шығады. Ал сенен сүттің иісі шығып тұр. Ой, сенде екі бас бар ма?

Бала: Жоқ. Мынау — бас, ал мынау — малақай.

(Алыстан Ақ аюдың дауысы естіледі: «Умка-а-а!»)

Умка: Ой, менің анашым! Жүр, тығылайық.

Бала: Онда жүр, шырша мерекесіне барайық!

Умка: Алақай! Мен шырша мерекесіне қатысатын болдым!

Жүргізуші: Келіңдер, көріңдер — шырша мерекесі!

Бала: Мен үйіме барып, анама айтып келейін.

Умка: Жарайды.

Мерекелік бөлім: шырша жанындағы құттықтау

Жүргізушінің сөзі

Сұлу шырша ортамызда — қуанайық біздер бүгін!

Қош келдіңіз, ата-ана!

Сіздерге арнап әр бала ән салып, би билеп, тақпақ айтады.

Тақпақтар

Аружан

Жаңа жылмен, Жаңа жылмен Құттықтаймыз әрине. Әкемізді, анамызды, Қонақтардың бәрін де!

Аяжан

Жаңа жылда жаңаша Тақпақ айтамыз. Болсын риза балаша, Әппақ Аяз атамыз.

Жауапты тәрбиеші

Балабақша тәрбиешісі: Артыкова Неля Шамилевна