Сөз тіркестерін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары
Бұл сабақ 9-сынып оқушыларына арналған. Негізгі мақсат — қазақ батырлары туралы білімді тереңдетіп, оқушылардың тілдік дағдыларын (сөйлеу, түсіну, грамматиканы дұрыс қолдану) жүйелі түрде дамыту.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Қазақ батырлары туралы мәлімет беру.
- Тақырып бойынша білімді жүйелеу, пысықтау және бекіту.
- Грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
- Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
- Ой түйіндеуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру.
- Ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
- Қазақтың тарихи тұлғаларын тануға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы, әдістері және көрнекіліктер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Сөйлесу
- Іздендіру
- Дәлелдеу
Көрнекілік материалдар
- Суреттер
- Карточкалар
- Тірек-сызба
- Слайдтар
Негізгі тірек-сызба: Қазақ батырлары → Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қайталау, қателермен жұмыс.
-
III. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Балалар, бүгінгі сабағымыз — Қазақ батырлары».
- Қазақ халқының даңқын шығарған қандай батырларды білесіңдер?
- Ерлік пен Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
-
IV. Ой шақыру
Тірек-сызба арқылы «Қазақ батырлары» тақырыбын ашу: Қабанбай батыр және Бөгенбай батыр.
Сөздік жұмыс
Тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі, аударылады және дұрыс айтуға жаттықтырылады.
Сөздер мен аудармасы
- қалың
- много
- арлы-берлі
- туда-сюда
- жүйрік ат
- скаковая лошадь
- шауып өту
- быстро проскакать
- шоқпар
- дубина
- тым-тырақай
- в разные стороны
- жабайы
- дикие
- осыдан бастап
- с этих пор
Жұмыс алгоритмі
- Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және аудару.
- Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар қайталайды.
- Тізбекпен оқыту арқылы айтылымды бекіту.
- Сөз тіркестерін құрастыру.
- Сөйлемдер құрастыру.
Лексикалық тақырып: Қазақ батырлары
Мәтінмен жұмыс: мұғалім оқиды, 1–2 оқушы дауыстап оқиды, аудару жасалады, түсінгені сұралады.
Қабанбай батыр
1691–1769- Шын аты: Ерасыл.
- Абылай хан дәуіріндегі танымал батыр.
- Ел ішінде «Дарабоз» атанған.
Ой қозғау сұрағы: Қабанбай батыр туралы не білесің?
Бөгенбай батыр
1680–1775- Сарбаздар мектебінде оқығаны айтылады.
- 1708 жылы 30 мың жасаққа қолбасшы болған деген дерек беріледі.
Ой қозғау сұрағы: Бөгенбай батыр туралы не білесің?
«Білгіштер» ойыны: сұрақ-жауап
Оқушыларға сұрақтар үлестіріледі. Жауаптары тыңдалып, дәлелдеп айтуға бағыт беріледі.
- Қазақ батырлары немен шұғылданған?
- Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
- Қабанбай батырды ел қалай атаған?
- Қабанбай батыр қайда жерленген?
- «Қанжығалы қарт» деп кімді атаған?
- Бөгенбай батыр қайда туған, қай жерде қайтыс болған?
- Бөгенбай батыр қандай адам болған?
- Оның неше баласы болған?
- 1761 жылы Қытайға кіммен, не үшін барған?
- Қазақ батырларының бүкіл өмірі қайда өткен?
- Үлкен соғыс алдында батырлар неге шыққан?
- Абылай хан батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім?
- Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды?
Ойлану сатысы: өздік жұмыс (жаттығулар)
Тапсырмалар аударма, сұрақ қою және синтаксистік талдау арқылы тілдік дағдыларды бекітеді.
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- Ертеде қазақ батырлары тек әскери кәсіппен ғана (занимались).
- Наурызбай Құтпанбетұлы — (один из трех батыров Абылай хана), қолбасшы.
- (В войне с джунгарами) оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры да (погибли).
2-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені (широко распространилось по казахской степи).
- 1750–1752 жылдары көп қазақты (освободил из плена).
- (В областях, районах Казахстана) Наурызбай батырдың аты (присвоено улицам), Наурызбай батырға арнап (установлены памятники).
3-жаттығу
Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
- Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған.
- 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді.
- XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті.
4-жаттығу
Мына сөйлемдерге сұрақ қойып, синтаксистік талдау жасаңыз.
- Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған.
- Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген.
5-жаттығу
Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
- Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған.
- 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді.
- XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқын торлаған көп жаудан қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті.
- Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған.
- Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген.
Диалогтық жұмыс
Диалог бойынша жұппен сөйлесу: сұрақ қою, жауапты нақтылау, өз пікіріңді дәлелдеу.
Қорытынды, үй тапсырмасы және бағалау
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін сабақта не білдік?
- Не үйрендік?
- Тағы нені білгіміз келеді?
Үй тапсырмасы
2-тапсырма, 35-бет: ыңғайлас салалас құрмалас бойынша 5 сөйлем құрастырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі, дұрыс айтылымы, грамматикалық сауаттылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.