Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
Дүниетану, 4-сынып
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сілтемелер
Оқулық, презентация, қосымша деректер
Жалпы мақсат
Мәдени-тарихи мұраларды қорғау туралы түсінік қалыптастыру және тарихи ескерткіштердің құндылығын ұғындыру.
Оқу нәтижелері
- Мәтінмен танысады.
- Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттейді.
- Мәдени мұраның сақталуы туралы біледі.
Әдіс-тәсілдер, форма және ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- INSERT
- Әңгімелеу
- Сәйкестендіру
- Тест
- Сұрақ-жауап
- Сөзжұмбақ
- Сөздікпен жұмыс
Сабақтың формасы
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Ресурстар
- Кеспелер, суреттер
- INSERT кестесі
- Тест парақтары
- Стикерлер
- Интербелсенді тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар мозайка арқылы 4 топқа бөлінеді (қызыл, көк, жасыл, ақ). Әр топқа «Әлемнің жеті кереметіне» қатысты атау беріледі:
I топ
Хеопс пирамидасы
II топ
Үлкен сфинкс
III топ
Семирамиданың аспалы бағы
IV топ
Александрия шамшырағы
Тапсырма: «Суретте не бейнеленген?» — суретті құрастырған оқушы топ жетекшісі болады.
II. Үй жұмысын тексеру
Әр топ құрастырған суретіне байланысты 2 сұрақ дайындап, келесі топқа қояды. Топ жетекшісі жауаптарды бағалап отырады.
Мотивация: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ арқылы «жеті» сөзіне шығу және «Жеті керемет» ұғымын талқылау. Презентация көрсетіледі.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Тудың синонимі: жалау.
- Адамды адам еткен: еңбек.
- «хират» сөзін кері оқы: тарих.
- «Білекті бірді жығар, … мыңды жығар»: білімді.
Тақырып: Мәдени-тарихи мұра.
Оқушылар сабақ мақсатын өздері тұжырымдайды:
- Мәтінмен танысу.
- Қазақ жеріндегі тарихи мұраларды зерттеу.
- Мәдени мұралардың сақталуы туралы білу.
Мәтінмен жұмыс: INSERT
Оқулық мәтіні 4 бөлімге бөлінеді (1–2–3–4). Оқушылар мәтінді оқи отырып, INSERT кестесін толтырады.
Сөздікпен жұмыс (түсініксіз ұғымдар)
- Тарихи-мәдени ескерткіш — өткен дәуірден қалған құнды нысан.
- ЮНЕСКО — білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық ұйым.
- Озық үлгілер — ең үздік, құндылығы жоғары туындылар.
- Мазар, күмбез — қабір үстіне салынған сәулет құрылыстары.
Талқылау сұрағы: «Мәдени-тарихи мұраларды қалай қорғаймыз?»
Оқушылар әртүрлі жауап ұсынады, топ басшылары белгілеу жүргізеді.
Сергіту сәті
Қимылды жаттығу: «Қара жорға».
Топтық тапсырма: Қазақ жеріндегі мәдени мұралар
Топ басшылары конверттен сурет пен қосымша деректі алып, постерге енгізеді. Кейін постер қорғалады.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен күмбезді құрылыс. Ені 46,5 м, ұзындығы 65 м. Орталық залдың айналасына түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.
Құрылыстың ерекшелігі
- Сыртқы қабырға қалыңдығы: 1,8–2 м
- Қазандық қабырғалары: 3 м
- Бөлмелер топтары: Қазандық, Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай, Құдықхана, Кітапхана, Асхана, Көрхана, Мешіт
Қожа Ахмет Ясауи араб, шағатай, парсы, түркі тілдерін меңгеріп, осы тілдерде өлең жазған.
Алтын адам
Алтын адам — 1969–1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының маңындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (б.з.д. V ғасыр). Табылған жәдігерді археолог Кемел Ақышев зерттеген.
Негізгі деректер
- Киімі шамамен 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.
- Хайуанат нақышы: барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат және құс бейнелері.
- Бас киімі биік, шошақ төбелі, ұзындығы шамамен 70 см.
Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналған тарихи мұра.
Айша бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — XI–XII ғасырлар сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан.
Кесене сырты ою-өрнекпен көмкерілген керамикалық плиталармен қапталған. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегінде 60 түрлі әшекей қолданылған.
Зерттелуі
- 1897 ж. В. А. Каллаур зерттеген.
- 1938–1939 жж. А. Н. Бернштам бастаған экспедиция қарастырған.
Іргетастан 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпімен жазу сызығы жүргізілген. Жазудың бір нұсқасында: «Күз, бұлттар, дөңгеленген дүние…» деген сөздер кездеседі.
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар өңіріндегі сәулет өнері ескерткіші. Ол түркі жұртына ислам дінін насихаттаған, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы саналған Арыстан баб қабірінің басына тұрғызылған.
Құрылымы және деректер
- Бөлімдері: дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара.
- Ең көне бөлігі — қабірхана; едені өзге бөлмелерден биігірек.
- Алғашқы белгі шамамен XII ғ. салынған, мазар XIV ғ. қайта жөнделген.
- XX ғасырдың басында жергілікті халық қаражатына күйдірілген кірпіштен қайта көтерілген: өлшемі 35×12 м, биіктігі 12 м.
Есіктің бағыты бұрынғы Меккеге қаратылған нұсқадан кейін Түркістанға, Әзірет Сұлтан кесенесіне қарай бағытталған.
Бекіту: тест тапсырмасы
Орындау уақыты: 1 минут. Оқушылар парақтарын жұппен ауыстырып, тақтадағы кілт арқылы тексереді. Ұпайды топ басшысына хабарлайды.
1) Алғашқы адамдар жануарлардан несімен ерекшеленді?
- A) қимыл-қозғалысымен
- Ә) айла-тәсілімен
- Б) сөйлеу тәсілімен
- В) өсіп-өнуімен
2) Алғашқы адамның ақыл-ойын, қиялын жетелеуші не болды?
- A) аспан
- Ә) жұлдыз
- Б) таулар
- В) табиғат
3) Алуан түрлі ғимараттар салуды нені бақылап зерделеді?
- A) құстың ұшуын
- Ә) бал арасының ұясын
- Б) табиғат құбылысын
- В) балықтың жүзуін
4) Мысыр (Египет) еліндегі алып кереметтің бірі?
- A) Хеопс пирамидасы
- Ә) Александрия шамшырағы
- Б) Зевс мүсіні
- В) Родос алыбы
5) ЮНЕСКО есебіне алынған тарихи өнеріміздің озық үлгісі?
- A) Айша бибі кесенесі
- Ә) Алтын адам
- Б) Медеу мұз айдыны
- В) Республика сарайы
6) Қожа Ахмет Ясауи қандай тілдерді меңгерген?
- A) парсы
- Ә) қытай
- Б) қазақ
- В) ағылшын
7) Алтын адамның киіміндегі алтын әшекей саны қанша?
- A) 7 мыңға жуық
- Ә) 1 мыңға жуық
- Б) 5 мыңға жуық
- В) 4 мыңға жуық
Қорытынды тапсырмалар және кері байланыс
Интербелсенді тапсырма
Тақтадағы шеңбер ішінде берілген тақырып бойынша қажетті сөздерді ақылдасып енгізу. Тапсырманы топ басшысы орындайды.
«Лимон ағашы» әдісі
Әр оқушы 2 тілек және 1 пікір жазады. Топ басшылары жалпы ұпайды санайды.
Бағалау
Қорытынды баға: 5, 4, 3, 2.
Сабақты ұранмен аяқтау
Бүгін маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек — іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.