Жаттығу қаласы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы

«Кім аяздан қорықпайды?»

Кіріктірілген білім салалары

  • Денсаулық
  • Шығармашылық

Мақсаты

  • Табиғаттың сауықтыру күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ету.
  • Қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру; сергек, көтеріңкі көңіл-күйде, белсенді болуға, ептілікке, жылдамдыққа, батылдық пен төзімділікке баулу.
  • Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар

  • 2 шана
  • Әр балаға ойыншық
  • Қар жапалақтары (бала санына қарай)

Кейіпкерлер және орын

  • Кейіпкер: Қар-Адам
  • Өткізілетін орын: балабақша ауласы

Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Тәрбиеші:

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!

— «Амандасу» дегеніміз не?

— «Аман-саулық» немесе «денсаулық» деген не?

— Бүгін сендерді шынығып, шымыр болып, аязға қарсы тұру үшін батырлар мен батылдардың еліне саяхатқа шақырамын.

— Аяздан қорықпай, қызықты саяхатқа аттануға дайынсыңдар ма?

— Ендеше, сиқырлы пойызға отырып, саяхатымызды бастайық!

1-аялдама

Жаттығу қаласы

Балалар аялдамада Қар-Адамды көреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік бөлім

Қар-Адаммен танысу

Қар-Адам: — Амансыңдар ма, балалар! Денсаулық мықты, бой шымыр болу үшін әр күнді неден бастау керек?

Балалардың жауаптары (өлең жолдары)

Әдемі: Таңертеңгі жаттығуды орындаймыз күнде біз.

Кәусар: Нығайтамыз денсаулықты, болу үшін бізде күш.

Нұрағат: Қыстың суық күндерінен, аяз соққан желдерінен қорықпайды бүлдіршіндер, шұғылданған спортпенен!

Музыка сүйемелдеуімен балалар көңілді жаттығулар орындайды.

1-жаттығу: «Қарлы мүсіндер»

  • Аяқтарыңды топылдат!
  • Қолыңды соқ — шапалақ!
  • Бастарыңды шайқалтып,
  • Қолдарыңды аспанға соз.
  • Отыр, тізеңді бүк,
  • Қайта түзеліп секір.
  • Шеңбер бойымен жүгір!

Үшке дейін санаймыз, қарлы мүсін жасаймыз: бір, екі, үш!

2-жаттығу: «Спортшы қоян»

Құлақтарын шошайтып, отыр аппақ қояным.

Басын бұрып жан-жаққа, қайта-қайта қарайды.

Тоңып қалды қояным — жылдам ойын ойнайық!

  • Соқ-соқ, шапалақты соқ!
  • Топ-топ, аяғыңды соқ!
  • Секек-секек қозғалып, шеңберде жүгір айналып!

Қар-Адам: — Жарайсыңдар! Мені де өздеріңмен бірге саяхатқа алыңдаршы!

2-аялдама: Спорттық қала

Қар-Адам: — Спорттық қалада жарыстар өтеді. Сендер жарысқа дайынсыңдар ма?

— Менің жолдастарым аю мен қоян бір-бірімен жарысқанды ұнатады.

Эстафета

«Аңдар жарысы»

— Саяхатымызды жалғастыру үшін сиқырлы пойызға отырыңдар.

3-аялдама: Ойын қаласы

Балалар бір тізбекке тұрып, жүріп келеді.

Қар-Адам: — Мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырамын. Шешуін тапсаңдар, қызықты ойын ойнаймыз.

Жұмбақтар

  1. Шанамен сырғанап келемін,
    Шаңғы, коньки тебемін,
    Аққала жасап ойнаймын.
    Қай мезгіл деп ойлайсың?
  2. Шелек қалпақ басында,
    Сәбіз екен танауы.
    Қыста қардан тұрады,
    Танып көрші сен оны.
  3. Мамықтай ұлпа,
    Қанттай ақ.
    Қыста жер бетін басады,
    Жазда сайға қашады.

Ойын: «Қар қиыршықтары»

Шарты: Екі топ екі жаққа бөлінеді. Әр бала алдарындағы қар қиыршықтарын бір-бірден алып, межелі жерге тасиды. Қай топ көбірек жинаса — сол жеңімпаз.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Шарты: Екі топтың алдында шырша тұрады. Бала қоянша секіріп барып, сәбізді шыршаның артына тығады. Келесі бала барып, тығылған сәбізді тауып әкелуі керек.

— Сиқырлы пойызға отырып, келесі аялдамаға аттанайық!

4-аялдама: Музыка қаласы

Қар-Адам:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Далада жерде не жатыр?

Музыка қаласында ән айтылады, би биленеді. Мен сендерді би билеуге шақырамын.

Би: «Қар жапалақтары»

Балалар музыка ырғағымен «қар жапалақтары» биін орындайды.

Қорытынды

Келесі аялдама — «Балапан» балабақшасы. Бұл жерде саяхат аяқталып, Қар-Адам әрі қарай суық жаққа сапарын жалғастырады.

Өңір

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Мекеме

№11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші

Исаева Кигаш Нагашыбаевна