Білімділер сайысы Мақсаты: оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін тиянақтау, қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы

«Білімділер сайысы»

Мақсаты

Оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін тиянақтау, қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі

Сайыс сабағы.

Көрнекілігі

  • Бейнелі слайдтар
  • Әр топтың эмблемасы

Барысы

Сайыс басталмас бұрын қатысушыларға әділ қазылық жасайтын әділ қазылар алқасы таныстырылады.

Сайыстың шарттары

  1. 1

    Топтардың достық сәлемі

    Таныстыру.

  2. 2

    Ғажайып төрттік

  3. 3

    Бәйге

    Лездік сұрақтар.

  4. 4

    Сен білесің бе?

    Жұмбақтар шешу.

  5. 5

    Жалғасын тап

    Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

  6. 6

    Ойлан, тап

Көркем кіріспе

Ұландарымыз белді мықтап байлаған,

Жарысқа келдік, алған беттен таймаған.

Тәуелсіз елдің біз — ұрпағымыз,

Көк аспанда көк туы бар асқақтаған.

Ал, көрермен, сәлем бердік баршаңызға,

Білімменен қатар жүрдік араңызда.

Білекті болып, белді қатты байлаған біз,

Жас ұландар өнерін тамашалаңыздар.

Тілейміз сәт сапар қарсылас топқа,

Жас қырандар ұша берсін алыстарға.

Қырандарым, талмасын қанаттарың,

Жете беріңдер асқақтаған армандарға.

Бастау нүктесі

Сайысқа қатысушылар бірінші шарт бойынша өз топтарын таныстырады.