Гүлдер Қызыл телпек

Тақырыбы

«Әжеме сыйлық» — II кіші топқа арналған 8 Наурыз мерекелік ертеңгілігінің сценарийі.

Мақсаты

  • Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
  • Аналарын және әжелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрініс

Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізушінің құттықтауы

Қайырлы күн, қымбатты аналар, арулар!

Бүгін — 8 Наурыз, халықаралық аналар мен ару қыздар мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар —
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген — тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

Балалардың тақпақтары

Анаң болса қасында —
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі —
Мейірімді ғой керемет.

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты —
Барлығына қалай уақыт табады?!

Айналайын анашым,
Аялайсың әрқашан.
Сен үшін, балалармен,
Ән шырқайық бәріміз!

Ән

«Анаға сыйлаймыз»

Көктем ханшайымының келуі

Музыка әуенімен залға Көктем ханшайымы кіреді.

Көктем

Дала гүлге бөленеді,
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда —
Құстар сайрай жөнеледі.

Өйткені мен — Көктеммін,
Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Денсаулық, қуаныш, бақыт тілеймін.

Жүргізуші

Сәлеметсіз бе, ару Көктем!

Көктем

Балалар, менің таңғажайып орман әлеміме қош келдіңіздер!

Жүргізуші

Ару Көктем, біздің балаларымыздың сізге арнаған тақпақтары мен әндері бар. Қабыл алыңыз!

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншық та әпереді.
Балабақшаға да әкеледі —
Қандай жақсы әжелері!

Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Бүгін саған сәлем жолдап,
Мерекеңмен құттықтаймын!

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Ән

«Көктем келді»

Қызыл Телпек және сиқырлы қоңырау

Музыка әуенімен залға Қызыл Телпек кіреді.

Қызыл Телпек

Міне, орманға да келдім — айнала қандай тамаша! Жердегі қар әлі толық ерімесе де, көктемнің әсем лебі сезіледі.

Көктем

Сәлеметсің бе, Қызыл Телпек! Сені көргеніме өте қуаныштымын. Сен жалғыз өзің менің орманымда не істеп жүрсің?

Қызыл Телпек

Мен әжемді мерекесімен құттықтауға бара жатырмын. Міне, анам пісірген бәлішті алып барамын. Әжеме гүл шоғын сыйлағым келген еді, бірақ гүлдер әлі шықпапты.

Көктем

Иә, рас — гүлдер шығуға әлі ерте. Бірақ бүгін аналар мерекесі болғандықтан, саған көмектесейін. Менің сиқырлы қоңырауым бар. Соған қолыңды соз: осы қоңыраумен орман гүлдерін шақыра аласың.

Қызыл Телпек қоңырауды соғады. Музыка әуенімен залға гүлдер шығады.

Би

«Гүлдер»

Қызыл Телпек

Қандай керемет! Қаншама гүлдер шықты! Көктем, саған көп рақмет.

Көктем биші қыздармен бірге шығып кетеді.

Ойын: «Гүл жинаймыз»

Жүргізуші

Балалар, енді мына гүлдерді Қызыл Телпекке жинап берейік.

Ойын шарты

Балалар екі топқа бөлініп, себеттердің қасына тұрады. Екі баладан кезекпен жарысып, «егіліп тұрған» гүлдерді тез жұлып, себетке салады. Қай топ бұрын жинаса — сол топ жеңеді.

Қызыл Телпек

Балалар, сендерге көп рақмет!

Музыкамен залды айналып шығады.

Күтпеген кейіпкер: Қасқыр

Қызыл Телпектің алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр

Керемет! Гүл тересіңдер, ән айтасыңдар. Ал мен байғұс, аш қасқырды ешкім ойламайды…

Мәлімет

Мекеме
Атырау қаласы, №5 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы
Авторы
Қойтанова Дүрия Есмағзомқызы