Еркін дала, Еркің қайда

Ахмет Байтұрсынов

Қайран еркін
Замандарың,
Тарлыққа жоқ
Амалдарың.
Еркін дала,
Еркің қайда?
Еркіңдегі
Көркің қайда?
Нулы, нулы
Жерің қайда?
Сулы, сулы
Көлің қайда?
Еркін көшкен
Елің қайда?
Ел қорғаны
Ерің қайда?
Тура айтатын
Биің қайда?
Би бардағы
Күйің қайда?
Адал көңіл
Ақтық қайда?
Жалған анттан
Сақтық қайда?
Бауыр тартқан
Жүрек қайда?
Намыс қызған
Сүйек қайда?
Нулы жерден
Көшті айырды,
Сулы көлден
Сұсты айырды.
Ер орнына
Еркек қалды,
Көлеңкеден
Үркек қалды.
Би орнына
Биің болды.
Би деу бірақ
Қиын болды.
Қаралды би
Жақтау болды.
Қараны жан
Ақтау болды.
Бауыр, жүрек
Талас боп тұр.
Намыс, сүйек
Қалаш боп тұр.
Малың алдау,
Талауда тұр.
Жаның арбау,
Қамауда тұр.
Аяғыңды
Тұсау қысты.
Жақтарыңды
Құрсау қысты.
Көрмесіңе
Пердең мықты.
Өтпесіңе
Кермең мықты.
Енді жатып,
Ұйықтау қалды.
Ұйықтағанды
Мақтау қалды.
Әлди, әлди! -
Деп тербеткен,
Ұйықтасын деп
Көп тербеткен.
Қарның ашса,
Ұлықтарың
Жілік шағып,
Май бермекші.
Тоңсаң, түлкі
Құйрықтарын
Жіпке тағып,
Бай бермекші.
Әлди, әлди! -
Мен де деймін.
Сірә, әлдиге
Сенбе деймін.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Төлеу сөз
Төле би туралы соны деректер
Ойын шарты
Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні
Қадырдың махаббат лирикасы басқаша махаббат
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Л.Н.Гумилев – аса талантты шығыстанушы
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Данышпан Абайдың шығармашылық мұрасы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
Азаматтық құқық табиғи ресустарды пайдалану
EXCEL ПРОГРАММАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары