Жеті қандай сан

Сабақтың тақырыбы

Санды 7-ге көбейту және бөлу.

Мақсаты

Білімділік

7-ге көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау. Көбейту кестесін қайталау, көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін нақтылау.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Зеректілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Көрнекілігі және әдісі

Көрнекілігі

Суреттер, қима қағаздар.

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ–жауап.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, зейіндерін шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (тест)

Теңдеулерді шешу:

1) X : 6 = 6

Жауабы: X = 36

2) 36 : X = 6

Жауабы: X = 6

3) X · 6 = 36

Жауабы: X = 6

4) 6 · X = 36

Жауабы: X = 6

Таңдау нұсқалары: A: 6, Ә: 36, Б: 3, В: 9.

III. Жаңа сабақ

Ребус шешу: «жеті»

Бүгінгі тақырып: 7-ге көбейту және бөлу.

Ой шақыру

7 санына қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер? Жеті қандай сан?

  • Апта (7 күн)
  • Тақ сан
  • «Жеті қазына»
  • Керемет саны
  • Нан (дәстүрлі ұғымдарда)

Оқулықпен жұмыс (№1)

7 × 7 = 7 × 6 + 7

7 × 7 = 49

49 : 7 = 7

Жетіге жетіні көбейту — жетіге алтыны көбейтіп, шыққан нәтижеге жетіні қосу.

8 × 7 = 8 × 6 + 8

8 × 7 = 56

56 : 7 = 8

9 × 7 = 9 × 6 + 9

9 × 7 = 63

63 : 7 = 9

Дәптермен жұмыс (№2): салыстыр

Екі есепті салыстыр: ұқсастығы қандай, айырмашылығы неде?

а) Қой терісі

  • Әкелінді: 63 қой терісі
  • Тігілді: 7 тон
  • Әрқайсысына: 7 теріден
  • Қалды: ? тері

Шешуі: 63 − 7 × 7 = 14

Жауабы: 14 қой терісі қалды.

ә) Суыр терісі

  • Тігілді: 7 құлақшын
  • Біреуіне: 2 суыр терісі жұмсалды
  • Қалғаны: 12 тері
  • Болғаны: ? тері

Шешуі: 2 × 7 + 12 = 26

Жауабы: барлығы 26 суыр терісі.

Сергіту сәті (№3): «Кім жылдам?»

Көбейту мен бөлудің өзара кері амал екенін жылдамдықпен дәлелдеңдер.

1-қатар

  • 8 × 7 = 56
  • 56 : 8 = 7
  • 9 × 7 = 63
  • 63 : 9 = 7
  • 7 × 7 = 49
  • 7 : 7 = 1

2-қатар

  • 56 : 7 = 8
  • 7 × 8 = 56
  • 63 : 7 = 9
  • 7 × 9 = 63
  • 49 : 7 = 7
  • 1 × 7 = 7

Қай өрнектер 7-ге көбейту кестесіне жатады?

7 саны бар көбейту мен бөлуді таңдаңдар. Көбейту кестесімен берілген тапсырмаларды белгілеңдер.

56 : 7 = 8
56 : 8 = 7
63 : 9 = 7
9 × 7 = 63
8 × 7 = 56
7 × 8 = 56
7 × 9 = 63
63 : 7 = 9

Тақтамен жұмыс

20 : 2 + 5
120 : 10
90 : 3 − 2
200 : 10
4 × 3
9 × 2
5 × 4
7 × 4

«Телефон» ойыны (ауызша есептеу)

Мақсаты: шапшаңдыққа және белсенділікке баулу.

1-қатар

  1. 5 × 2
  2. … − 4
  3. … : 4
  4. … × 5

Жауабы: ________

2-қатар

  1. 2 × 6
  2. … + 15
  3. … + 12
  4. … × 10
  5. … − 10

Жауабы: ________

IV. Сабақты бекіту (сынау жұмысы)

1) Өрнектің мәнін тап:

1000 − 724 = ?

А: 376
Ә: 374
Б: 276
В: 274

2) Қатесін тап:

  • а) 2 дм 3 см = 23 см
  • ә) 45 см = 4 дм 5 см
  • б) 15 см = 1 м 5 см
  • в) 26 дм = 2 м 60 см

V. Қорытындылау

Бүгін қай санның көбейту және бөлу кестесімен таныстық?

Үй тапсырмасы: берілген тапсырмаларды орындау.

Бағалау: сабақ барысында орындалған тапсырмалар мен сынау жұмысы нәтижесі бойынша бағаланады.