Жол белгілері елінің тұрғындарымыз

Мақсаты

Балалардың жолда жүру туралы алған білімдерін бекіту, жол белгілерін ажырата білу дағдысын қалыптастыру және оларды іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Жол белгілері
  • Көше макеті
  • Бағдаршам
  • Алдын ала әзірленген киімдер
  • Ойыншық машиналар

Әдіс-тәсілдер

Ойын Сұрақ-жауап Сахналау

Ұйымдастыру кезеңі

Шеңберге тұрып, қимылмен айтылатын лебіздер

– Армысыз, қайырлы күн!

– Армысыз, қайырымды Аспан-ата!

– Армысыз, мейірімді Жер-ана!

– Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!

– Қуанайық, шаттанайық бәріміз!

– Күліп шықты күн бүгін!

– Бәріміз күндей жарқырайық!

– Бәріміз тату болайық!

– Бәріміз дос болайық!

Тәрбиешінің сөзі

Балалар, бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Мен де сендерге сәттілік тілеймін.

Осы сәтте есік қағылып, пошташы хат әкеледі.

Келген хат

«Жол белгілері елінің тұрғындарынан» Біздің жол белгілерімізді мыстан кемпір сиқырлап тастады. Енді елімізде жол апаттары көбейіп кетті. Бізге көмектесіңдер! Сәлеммен, Жол белгі елінің тұрғындары.

Қорытынды ой

Көрдіңдер ме, балалар: жол белгілерінсіз де, бағдаршамсыз да жолда жүру өте қиын. Сондықтан біз Жол ережелері еліне автобуспен саяхатқа аттанамыз.

Автобуста жүру ережелері

Сапарға шықпас бұрын көлікте өзін дұрыс ұстау ережелерін еске түсірейік.

  • Автобусқа (трамвайға) артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
  • Жасы үлкен кісілерге және кішкентай баласы бар адамдарға орын береміз.
  • Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды — бұл әдепсіздік.
  • Ашық есік пен терезеден бас шығарып, қол созуға болмайды — бұл қауіпті.

Тәрбиеші: Өте дұрыс! Ендеше автобусқа мініп, сапарға аттанайық.

Үнтаспадан музыка ойналады.

Сахналық көрініс: Жол белгілерін құтқару

Жылаған бала кездеседі

Автобустан түскенде балалардың алдынан жылап тұрған бала шығады.

Тәрбиеші: Балақай, сен кімсің? Саған не болды?

Бауыржан: Мен жол белгісімін. Мені және менің достарымды мыстан кемпір сиқырлап тастады. Мына жұмбақты шешсеңдер ғана сиқырым кетеді.

Жұмбақ

Ілулі тұрған не белгі? Машинаға «тоқта» деген белгі берді.

Жол үстінде ақ-қарамен сызылған жолақтар, жаяуларға «өтіңдер» деп белгі берді.

Балалар: Жаяу жүргіншілер өткелі.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ендеше қалған достарына барып, көмектесейік.

Келесі кейіпкер: Нұрболдың жұмбағы

Бір ғажабы бұл жерде,

Бір нәрсені ел күтеді.

Отырады біреуі,

Тік тұрады біреуі.

Не қылған жер бұл өзі,

Айтыңдар, кім біледі?

Балалар: Аялдама.