Аққұс туралы аңыз әңгіме - естелігінің авторы кім
Сабақтың тақырыбы
О. Бодықов — «Аққұс туралы аңыз».
Сабақтың мақсаты
- Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
- Ш. Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
- Шығармашылық қиялды, жүйелі ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорды молайту.
- Тіл байлығын дамыту, ойын сауатты жеткізуге үйрету.
- Ән құдіретін сезіне білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Өнер адамдарына құрметпен қарауға баулу.
Құрал-жабдықтар мен байланыстар
Көрнекілігі
- Слайд
- Әндер жинағы
- Деректі фильм
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Топпен жұмыс
- Тест
- Сахналау
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Математика
- Дүниетану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
- Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтінде кім туралы айтылғанын анықтау.
- Әбілхан Қастеев туралы әңгімелеу.
- Әбілхан Қастеевтің белгілі туындыларын атау.
- Әбілхан Қастеев туралы бейнебаян бойынша қысқаша қорытынды жасау.
Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгін Шәмші Қалдаяқов туралы білімімізді толықтырамыз: оның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өздерің білетін әндерін еске түсіреміз.
Шәмшінің сенімді досы, жазушы Оразбек Бодықов Шәмшімен өткізген қызықты күндерінің бірінен естелік ретінде «Аққұс туралы аңыз» әңгімесін ұсынады.
Негізгі ұғым: «Аңыз» дегеніміз не?
Аңыздың сипаты
- Шындық оқиға мен қиял-ғажайып элементтері аралас келетін әңгіме, жыр түрі.
- Көбіне белгілі бір адамның іс-әрекетіне, тағдырлы оқиғаға құрылады.
- Кейіпкерлер үлгісі: Алдаркөсе, Жиренше, Асан Қайғы, Аяз би және т.б.
Аңыздың түрлері
Келесі қадам: мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру және негізгі ойды айқындау.
Топпен жұмыс
1-топ тапсырмалары
- Автор мен Шәмшінің арасында қандай әңгіме болғанын мәтіннен тауып оқу.
- Аққұс әнінің құдіреті кімге және неге әсер етеді? (Адамға, табиғатқа.)
- Қарақұстың аққұс әнін тыңдағанға дейінгі жай-күйін сипаттау.
2-топ тапсырмалары
- Бөлімдерге тақырып қою.
- Аққұс қандай құс екенін мәтіннен дәлелмен тауып оқу.
- Қарақұстың қара ниеті қалай суреттелетінін тауып оқу.
- Аққұс ән салғандағы табиғаттағы өзгерістерді тауып оқу.
- Қарақұстың аққұс әнін тыңдағаннан кейінгі жай-күйін сипаттау.
Жоспар
- Шәмшімен сырласу.
- Аққұстың әні.
- Қызғаныш.
- Ән құдіреті.
Жағымсыз кейіпкер
Қарақұс.
Аққұс әні әсер еткен сәт: табиғаттың күйі
Жел
Сарнаған жел тына қалады.
Тау
Қаратаудың көкірегі қарс айрылып, «ах» ұрады.
Өзен
Ағысын тоқтатқандай болады.
Ағаш
Жапырағын жайып, қайғыға оранады.
Жарық дүние
Бар дүниені түн басқандай тына қалады.
Венн диаграммасы (салыстыру)
Аққұс
- Әсем әнімен табиғат пен адамды тербейді.
- Өнердің шынайы биігін танытады.
Қарақұс
- Қызғаныш пен қара ниеттің бейнесі.
- Ән құдіреті арқылы мінез-құлқындағы өзгеріс талданады.
Білімді бекіту: тест
1-топ
-
«Аққұс туралы аңыз» әңгіме-естелігінің авторы кім?
- О. Бодықов
- М. Сәрсеке
- М. Әуезов
-
Шәмші Қалдаяқов кім?
- Ақын
- Композитор
- Ғалым
-
Шәмші Аққұс туралы аңызды кімнен естіген?
- Әкесінен
- Анасынан
- Досынан
-
Неміс композиторы кім?
- Чайковский
- А. Жұбанов
- Л. Бетховен
-
Аққұс әнінің қарақұсқа әсері қандай?
- Мінезі өзгереді
- Мінезі өзгермейді
Кілті: Аққұс.
2-топ
-
Әнұранның музыкасын жазған кім?
- Н. Тілендиев
- Ш. Қалдаяқов
- Б. Байқадамов
-
«Әнші құс» қайсы?
- Аққу
- Бұлбұл
- Көгершін
-
Қазақ хорының негізін салушылардың бірі кім?
- Б. Байқадамов
- Жаяу Мұса
- Ә. Қашаубаев
-
Аққұстың әніне табиғат қалай жауап береді?
- Табынады
- Әлсірейді
-
Ш. Қалдаяқов туралы әңгіме жазған кім?
- С. Бегалин
- С. Мұқанов
- О. Бодықов
Кілті: Шәмші.
Талқылау сұрағы
Аққұс пен Шәмші арасындағы байланыс қандай? Ойыңды мәтіннен дәлел келтіріп жауап бер.
Көрсетілім
Шәмші Қалдаяқов әндерінің кешінен үзінді көрсету (тыңдау/қарау арқылы әсерді талдау).
Әңгіме кестесі
Негізгі мәлімет
- Тақырыбы
- «Аққұс туралы аңыз»
- Авторы
- Оразбек Бодықов
- Кейіпкерлер
- Шәмші, Аққұс, Қарақұс
Ой түю
- Негізгі ой
- Өнерді бағалай білу, шынайы сұлулықты тану.
- Түйін
- Шәмші әндерінің құдіреті мен өміршеңдігі — жүрекке жол табатын рухани күш.
- Қорытынды
- Ән мен өнер — адамды тәрбиелейтін, табиғатты да тебірентетін құндылық.
Үй тапсырмасы, бағалау
Үйге тапсырма
- «Аққұс туралы аңыз» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұндау.
- Негізгі ойды дәлелдейтін 3 дәйексөз (мәтіннен) таңдап жазу.
- Аққұс пен Қарақұс бейнесін салыстыруға арналған қысқа кесте құрастыру.
Бағалау
- Топтық жұмысқа қатысуы және дәлел келтіруі.
- Мәтінмен жұмыс (тауып оқу, түсіндіру, жоспар құру) сапасы.
- Тест нәтижесі және талқылаудағы белсенділік.