Масатыдай құлпырған жердің жүзі, Аяқ бассаң - табанға өтер сызы

Мағжан Жұмабаев

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,
Көкорай түсі қашып солып тұрған.
Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,
Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Көрік жоқ ойда - қырда шығып жүрсең,
Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.
Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып,
Көресің кемпір - шалды үйге кірсең.
Масатыдай құлпырған жердің жүзі,
Аяқ бассаң - табанға өтер сызы.
Кемпір болған бет - аузы қатпарланып,-
Бұраңдаған кешегі сұлу қызы.
Қысқасы, жер жүзінде көрік біткен,
Қараған да, сұлу қыз қайта кеткен.
Жыламсырап, мұңайып жанды - жансыз,
Қатты аязды, қайырымсыз қысты күткен.
Осы уақыт шаһарға тұрсаң қарап,
Түрлі жұрт түрлі істе жүрген тарап,
Көше бойлап, оқуға шапшаң басып,
Шаттықпен жас балалар боқша арқалап.
Қыс, күз болмас оларға көңілсіз шақ,
Оқу біліп, айырар қара мен ақ.
Өнерленген дүниеге ұста болған,
Қолдарында олардың тәж бенен тақ.
Қарасаң сонда қазақ арасына,
Ойнаған жалаң аяқ баласына,
Кетеді іш елжіреп, жанып - күйіп,
Көңілдің тұз сепкендей жарасына.
Жас өмір надандықта өткен босқа,
Оқымай, өнер қумай жазы - қыста.
Білімнен ат - тонымен қашқан қазақ
Сайлауға таласуға қандай ұста.
Баласын оқытумен жоқ жұмысы,
Ел бұзу, малын шашу - барлық ісі.
Ойлаған бір күн бұрын таңдағы істі,
Япырым - ау, айтсаңдаршы, бар ма кісі?
Басқа жұрт балалары оқу қуған,
Біліммен өз жұртының бетін жуған.
Ішіп - жеп, босқа жүрсе хайуан малдай,
Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!
Қор болдық, өнер қумай, қайран елім!
Күш кетіп, талай жаннан көрдік керім.
Сұлық боп, жан шыққалы тұр таяулап,
Маңдайдан шып - шып шығып елім терің.



Ұқсас жұмыстар

Мағжан кейін Тоқсанның тобында
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
Абайдың эстетикалық тағылымы.Сатиралық лирикасы
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі
Бастауыш мектептегі ана тілі
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті
ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС
ЖАПОНИЯМЕН СОҒЫС. ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Жердің пішіні және көлемі
Шәмші Қалдаяқов