Ассоциация стратегиясы
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның ғарышкерлері (Қазақ тілі, 4-сынып)
Бұл сабақта оқушылар Қазақстанның атақты ғарышкерлері туралы білімдерін қорытындылап, нақтылайды және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады. Сабақ мазмұны топтық жұмысқа, ауызекі сөйлеуге және өз бетінше орындауға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың ғарышкерлер туралы білетіндерін жинақтап, нақтылау арқылы тілдік және коммуникативтік құзыреттерін дамыту.
Оқу мақсаттары
- Жаңа сөздермен танысу және мәтін ішінен септік жалғауларын ажырата білу.
- Өз бетінше жұмыс істеуге дағдылану және ойын еркін жеткізу.
Дамытушылық бағыт
- Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
- Топта бірлесе жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа үйрету.
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- «Шаттық шеңбер» тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
2) Топқа бөлу
Мұғалім пазлдар арқылы оқушыларды топтарға бөледі және топ басшысын анықтайды.
1-топ
Ғарышкеме
2-топ
Ғарыш
3-топ
Ғарышкерлер
3) Қызығушылықты ояту
«Ассоциация» және «Миға шабуыл» стратегиялары қолданылады: интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты бейнематериал көрсетіліп, түрткі сұрақтар қойылады.
Түрткі сұрақтар
- Осы слайдты көргенде қандай ойға келдіңдер?
- Бүгін сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?
Глоссарий: жаңа сөздер
Оқушылар терминдерді түсініп, аударып, кейін сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру арқылы бекітеді.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Ғарыш | космос |
| Ғарышкерлер | космонавты |
| Ғарышкеме | ракета |
| Атақты | известный |
| Самғады | взлетел |
| Әрдайым | всегда |
| Ғаламшар | глобус |
| Мақтан тұтамыз | гордимся |
Оңайдан қиынға қарай
Жаңа сөздермен жұмыс біртіндеп күрделенеді: аудару → сөз тіркесі → сөйлем.
Топтардың рөлі
- 1-топ: сөзді оқиды.
- 2-топ: аударады.
- 3-топ: сөз тіркесін құрайды.
Нәтиже
Оқушылар сөздерді контексте қолданып, дұрыс сөйлем құрастыруға жаттығады.
Мәтінмен жұмыс: негізгі мазмұн
Қазақстанның атақты ғарышкерлері
Қазақстанның атақты ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы бірінші қазақ болып ғарышқа ұшты.
Талғат Мұсабаев 1994 жылы ғарышқа самғады.
Біз ғарышкерлерімізді әрдайым мақтан тұтамыз.
Оқушы әрекеті
Жаңа білімді өздігінен меңгеру үшін оқушыларға тақырыпқа байланысты мәтін таратылып, топ ішінде бөлісіп оқиды. Кейін «Жұптас — Ойлан — Бөліс» стратегиясы бойынша мазмұндайды және аударады.
Сергіту сәті
Сабақ барысында оқушылар көңіл сергіту үшін «Ғарышкерлер» биін билейді.
Автор туралы
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Қасымова Айнұр Нұрбекқызы.