Балалардың сабаққа дайындығын тексеру
Математика · 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу
Бұл сабақта оқушылар қалдықпен бөлудің мағынасы мен ерекшеліктерін меңгеріп, есептерді ауызша және жазбаша орындау арқылы логикалық ойлауын дамытады.
Мақсаты (білімділік)
- Қалдықпен бөлудің мән-мағынасымен және ерекшеліктерімен таныстыру.
- Қалдықпен бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Мақсаты (дамытушылық)
- Ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы танымдық қабілетті, зейінді, логикалық ойлауды дамыту.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Өзін-өзі бағалауға, өзіне сенімділікке, дербестікке тәрбиелеу.
- Математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Интерактивті тақта, слайдтар.
- Өзін-өзі бағалау парақшалары.
- Үлестірмелі қағаздар, радио пульттер.
Сабақ форматы
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, тест.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Күтілетін нәтиже
Қалдықпен бөлудің ерекшеліктерін түсіну және берілген тапсырмаларды орындай алу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Бағалау парақтарын тарату.
II. Ауызша есептеу
1) Математикалық диктант
- 506 мен 200-дің қосындысын тап.
- 2 мен 5-тің көбейтіндісіне 5-ті қос.
- Ойлаған санды 4 есе кеміткенде 5 шықты. Ойлаған санды тап.
- 0 мен 4-тің көбейтіндісін тап.
- 24-ті 4-ке бөл.
- 20-ны 20-ға бөл.
- Қабырғасы 2 см болатын шаршының периметрін тап.
Тексеру
706, 15, 20, 0, 6, 1, 8 см.
2) Кестемен жұмыс
Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шеш.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.
III. Жаңа сабақ
Ой толғау
13 шарикті 4-ке тең бөліп бөлуге бола ма? Болмайды.
13 : 4 = 3 (қалдық 1)
Тексеру: 4 × 3 + 1 = 13
Негізгі түсінік
Қалдықпен бөлуде нәтиже екі санмен жазылады: бірінші сан — толымсыз бөлінді, екінші сан — қалдық.
Мысал: 31 : 4 = 7 (қалдық 3)
Ереже
Қалдық бөлгіштен кіші болуы тиіс.
Мысал: 13 : 4 = 3 (қалдық 1)