Білген сайын келеді біле бергім
Бопанова Дана Қайратовна
Әдебиет сабағы
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Мақсаты (білімділік)
- Әңгіме кейіпкерлерінің бейнелерін талдау.
- Шығарманың идеялық өзегін таныту.
Мақсаты (дамытушылық)
- Оқушының қабылдауы мен ойлау үдерісін зерделей отырып, ой қорытындылауға үйрету.
- Өз ойын еркін айту және дәлелдеп жеткізу дағдысын дамыту.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Балалар арасындағы адал достық қарым-қатынасты дәріптеу.
- Шоқан бойындағы кішіпейілділік пен ізгілік қасиеттерді үлгі ету.
Сабақ туралы
- Сабақтың типі
- Жаңа білім беру
- Сабақтың түрі
- Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақ жоспары таныстырылады.
1) «Не сөйлейтініңді біл…» (үй тапсырмасы)
- Не сөйлейтініңді біл.
- Кімге сөйлейтініңді біл.
- Қай жерде сөйлейтініңді біл.
- Қалай сөйлейтініңді біл.
2) «Білген сайын келеді біле бергім…» (жаңа сабақ)
- «Досы көпті жау алмайды» — Шоқан мен Мысық бейнелерін талдау.
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі…» — шығармашылық жұмыс.
- «Асыл сөзді іздесең…» — сөздік жұмыс.
3) «Не үйрендім, не білдім»
Сабақты бекіту, қорытынды пікір айту.
4) «Көтерейік достық туын»
Сабақты қорытындылау. Достық туралы ән.
Үй тапсырмасын тексеру: диалогтар мен үзінділер
Мысық: «Мынау кім? Жоқ, сенің құнаның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын.»
Жақып: «Ой, өзін қара! Неге келдің? Шық үйден!»
Сары бәйбіше (Шоқанның анасы): «Шоқан-ау, мынау кім? Қайдағыны қасыңа ертіп, үсті-басы немене? Қасына жоламашы. Ойнауыңа бір жөнді бала таба алмадың ба?»
Шоқан: «Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой. Енді аман бол.»
Көк қаршыға (суреттеу): «Шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап, бір рет дүр сілкініп қойды.»
Тазы ит (суреттеу): «Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Алдыңғы екі аяғын көсіліп жіберіп, төсін жерге тигізе керілді. Мойнындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып, есікке қарай бет алды.»
Мәтіндегі көрініс: «Қай сәт бейнеленген?»
Есікке қарай шегіншектей берді… тізесіне соқтығып, етпетінен түсті. Сырттан өзін біреу ұрды деп ойлаған Мысық қорыққаннан бақырып жіберді… Мысықтың басына құстың қанаты келіп соғылды. «Мені құсқа жегілгелі жатыр» деп түсініп, басын қолымен басып, одан сайын бақырды.
Жаңа сабақ: «Білген сайын келеді біле бергім…»
Оқу міндеттері
- Жақыппен салыстыра отырып, Шоқан мен Мысық бейнелерін талдау.
- Өз ойымызды, пікірімізді еркін айту және жеткізу.
- Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.
- Достық құндылығын мәтін негізінде дәлелдеу.
Талдау бағыты
Тақырыптық тірек ой: «Досы көпті жау алмайды»
Әдіс-тәсілдер: Блум стратегиясы, дәптермен жұмыс, «Теріп алу» стратегиясы.
«Теріп алу» стратегиясы: кейіпкер сипаттары
Шығармашылық жұмыс
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі…»
РАФТ тапсырмасы (жазылым):
- Рөл
- Шоқан
- Аудитория
- Қыстаудағы үй ішіндегілер
- Форма
- Хат
- Тақырып
- Мысық
Сөздік жұмысы
Мәтіндегі көнерген, бейнелі және тұрмыстық сөздерге талдау жасалып, мағынасы контекст арқылы ашылады. Оқушылар сөздерді дәптерге жазып, сөйлем ішінде қолданады.
Бекіту: «Не үйрендім, не білдім»
Сәйкестендіру тапсырмасы
Төмендегі атаулар мен анықтамаларды сәйкестендіріңіз:
Атаулар
- Сыздық
- Шоқан
- Шыңғыс
- Түйе
- Жақып
- Қаршыға
Анықтамалар
- Шоқанның әкесінің атқосшысы.
- Мысықтың досы.
- Шоқанның әкесі.
- Мысық Шоқанға ненің мүсінін берді?
- Шоқанның тентек інісі.
- Мысықты таң қалдырған құс.
Үй тапсырмасы
«Менің досым»
Шығарма жазу: дос туралы ой, мінез сипаттау, нақты мысал келтіру.
Сабақты қорытындылау
Негізгі идея
Шығарма арқылы адал достықтың құны, кішіпейілділік пен мейірімнің адамды биіктететін қасиет екені танытылады.
Жабу
Достық туралы ән айту арқылы сабақ түйінделеді.