Сен дастарқанға қант қой
Сабақтың тақырыбы: Дастарқан
Бұл сабақ жоспары оқушыларды дастарқан мәдениетімен таныстыруға, жаңа сөздерді меңгертуге және оларды сөйлеуде қолдануға бағытталған. Сабақ барысында диалог, сөзжұмбақ және «Тур по галерей» сияқты тапсырмалар арқылы білім бекітіледі.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру.
- Үлгі бойынша сөз тіркестерін және сөйлем құрауға үйрету.
- Алған білімді диалог, сөзжұмбақ және «Тур по галерей» тапсырмалары арқылы бекіту.
2) Тәрбиелік
- Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Адам еңбегін қадірлеуге және еңбекқорлыққа баулу.
- Ас-тағамды баспауға, шашпауға дағдыландыру.
3) Дамытушылық
- Сөздік қорды молайту.
- Анықтау, ажырату, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Ауызша және жазбаша тілді әртүрлі тапсырмалар арқылы жетілдіру.
- Сауатты жазуға және дұрыс сөйлеуге үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
- Суреттер, оқулық
- Жаңа сөздер карталары
- Сөзжұмбақ
- «Дұрыс айт» ойынына доп
- Графопроектор
- Үнтаспа
- «Тур по галерей» материалдары
Әдіс-тәсілдер және сабақ түрі
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, сөйлесу, ойландыру.
Сабақ түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Кезекшімен қысқаша сұхбат.
2) Тақырып пен мақсатты хабарлау
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — Дастарқан. “Дастарқан” сөзінде қандай тән дыбыс бар?»
Оқушы: «Қ дыбысы».
Мұғалім: «Дұрыс. Сауат ашу минутында Қ қ дыбысын қайталаймыз. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазыңыз».
Жазу үлгісі
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ
Қоян қоян қоян қоян қоян
Сабақта жаңа сөздермен танысып, олармен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырамыз. Сөзжұмбақ шешіп, сөйлесу арқылы тақырыпты бекітеміз.
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
а) Сөздік жұмысы
- Дастарқан
- скатерть
- Май
- масло
- Қант
- сахар
- Нан
- хлеб
- Тұз
- соль
- Көмектес
- помоги
ә) «Дұрыс айт» ойыны
Мұғалім жаңа сөздерді араластырып айтады да, допты оқушыға лақтырады. Оқушы сөздің дұрыс аудармасын немесе дұрыс айтылуын жауап ретінде береді.
б) Сөз тіркестерін құрастыру
Үлгілер: үлкен дастарқан, сары май, тәтті нан.
в) Сөйлем құрастыру
Мысал: «Сен дастарқанға қасық қой.»
Тірек сөздер: кесе, май, нан.
4) Жаңа тақырыпты бекіту: диалогпен жұмыс
1) Кітаппен жұмыс
Оқулықтың 108-бетін ашып, диалогқа назар аударыңыз. Диалогты іштей оқып, сұрақ-жауаптарын түсініңіз.
2) Мұғалімнің оқуы (қазақша диалог)
- — Сен маған көмектес.
- — Мен саған көмектесемін.
- — Сен дастарқанға кесе қойдың ба?
- — Мен дастарқанға кесе қойдым.
- — Сен неше кесе қойдың?
- — Мен екі кесе қойдым.
- — Дұрыс, енді майлық қой.
- — Мен майлық қойдым.
- — Сен қандай майлық қойдың?
- — Мен қағаз майлық қойдым.
- — Дастарқанда қант бар ма?
- — Дастарқанда қант жоқ.
- — Сен дастарқанға қант қой.
- — Мен дастарқанға қант қойдым.
- — Сен дастарқанға кел, ас іш.
3) Орыс тіліне аудару
- — Ты мне помоги.
- — Я тебе помогу.
- — Ты поставил на скатерть чашки?
- — Да, я поставил на скатерть чашки.
- — Сколько чашек ты поставил?
- — Я поставил две чашки.
- — Правильно. Теперь поставь салфетку.
- — Я поставил салфетку.
- — Ты какую поставил салфетку?
- — Я поставил бумажную салфетку.
- — На столе есть сахар?
- — На столе сахара нет.
- — Ты на стол поставь сахар.
- — Я на стол поставлю сахар.
- — Садись за стол, угощайся.
4) Тізбектеп оқу
Оқушылар диалогты бір-бір сөйлемнен кезекпен оқиды.
5) Топпен оқу
Диалогты бәрі бірігіп хормен оқиды.
5) Сергіту сәті
Оқушылардың шаршағанын басу үшін қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы орындалады:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Теріп-теріп аламыз,
Аузымызға саламыз.
Жеп болғаннан кейін,
Отырамыз тып-тыныш.
6) «Нан» тақпағымен жұмыс (графопроектор және үнтаспа)
Сұрақ: «Мұсылман халқында дастарқан әзірлегенде ең алдымен қандай ас қойылады?» Жауап: нан.
Ө. Тұрманжанов — «Нан»
Ей, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Талқылау
- Өлеңде нанды қастерлеу, қоқымын шашпау және жерге тастамау туралы айтылады.
- Нан — маңдай тердің жемісі: жер жырту, тұқым себу, күту, баптау сияқты көп еңбектің нәтижесі.
- Сондықтан нанды қадірлеу, ысырап етпеу — мәдениет пен тәрбиенің белгісі.
Тапсырма: өлеңді дәптерге көшіріп жазу.
7) Сөзжұмбақ шешу
Тірек сөздер: дәмді, алма, сен, тәтті, анар, алмұрт, қарбыз, қауын, үлкен.
8) «Тур по галерей» тапсырмасы
Әр топқа қағаз беріледі. Топ болып «дастарқанды әзірлеу» тақырыбында жұмыс жасап, соңында өз жұмыстарын қорғап шығады.
1-қадам
Жоспарлау: не қоямыз, қалай орналастырамыз.
2-қадам
Орындау: сурет салу немесе жазып көрсету.
3-қадам
Қорғау: топ атынан түсіндіру, сұрақтарға жауап беру.
9) Қорытынды
- Бүгін сабақта не істедік?
- Қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Тақырыпты қалай бекіттік?
10) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.
11) Үй тапсырмасы
Негізгі тапсырма
Ө. Тұрманжановтың «Нан» өлеңін оқу.
Көмекші тапсырмалар
- Мақал: «Нан — ас атасы».
- Ойын: «Кім тез?».