Мойынсыну Аллаға - Мұсылманның міндеті

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

Автор: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Діни білім – тәрбие бастауы

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихы және олардың қазіргі қоғамдағы таралуы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Діндердің қызметтерін түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту; діннің құрылымы негізінде қоғамдағы діни ағымдарды ажырата білуге үйрету; ой-өрісін, сана-сезімін және талдау қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды діннің қоғамдағы рөлімен таныстыра отырып, діни сауаттылығын арттыру және рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Тақырыптық өзек: Діни экстремизмнің алдын алу

Сабақтың құрылымы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

  2. 2) Мұғалім сөзі

    Діни экстремизмнің алдын алу – бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе.

  3. 3) “Дін не үшін адамзатқа керек болды?”

    Ауыл имамы Т. Байсарсеновтің түсіндірмесі.

  4. 4) Өлеңдер мен имани жырлар

    • “Алла деген ар болмас”
    • Имани жыр: “Құдірет”
    • Көрініс: “Ақылды адам Алласын таниды”
    • Имани жыр: “Жамағатқа насихат”
  5. 5) Тақырыптық талқылау

    “Аллаһ кімдерді сүйеді? Аллаһ кімдерді сүймейді?” — оқушылар пікір алмасып, дұрыс тұжырым қалыптастырады.

  6. 6) Қосымша бөлім

    “Әлем мұсылмандары Кока-колаға қарсы” (сусынның “сиқырлы құпиясы” туралы тақырыптық әңгіме).

  7. 7) Қорытынды

    “Діни білім – тәрбие бастауы” идеясы түйінделеді.

Өзектілік: діни экстремизмнің алдын алу

Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм кеңінен таралуда. Кейбір діни ұйымдар басқа мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етіп, қауіпті сипат алып келеді. Оның қауіптілігі – экстремистік ұйымдардың белгілі бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасауы және бұл іске жастарды тартуға ұмтылуы.

Ұлттық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік

Елбасының халыққа Жолдауында айтылғандай, ұлттық қауіпсіздік – тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты кепілі. Оны қорғау әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.

Сондай-ақ Н. Ә. Назарбаевтың: “Дініміз – Ислам, түбіміз – түрік, мәзһабымыз – Имам Ағзам” деген сөзін жаңғырта отырып, діни сауатты, сабырлы, жауапты ұстанымды күшейту қажеттігі атап өтіледі.

“Дін не үшін адамзатқа керек?” (имамның пікірі)

Дін тақырыбы адамдарды әрдайым терең қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге ұмтылған: отбасын өз сенімімен тәрбиелеген, ақылы мен білімін пайдаланып таңдаған жолын қорғап, жалғастыруға тырысқан.

Дін – адамдарға қатысты рухани-әлеуметтік жүйе. Ол адамның рухани және физикалық қажеттіліктерін үйлестіріп, кемелденуге бағыттайтын мақсаттарды ұсынады. Дін – рухтың азығы, дененің шипасы.

Ол адамға жауапкершілікті, құлшылық білімін, көркем мінезді қалыптастырады; ұлттарға бірлік пен тұтастықтың мәнін ұғындырады. Отбасын, мемлекет құрылымын және қоғамның тұтастығын берік негіздермен нығайтуға ықпал етеді.

Міне, дін адамзатқа осы үшін керек.

Өлеңдер: жүрекке тоқу, санаға сіңіру

Асел

Лә Иләһи илләллаһ, Мұхаммәдур Расулулаһ,
Имам Ағзам – мәзһабым, мұсылманмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан, бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам, қолдай алар басқа кім?
Бір Алланың арқасы — сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті, қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні, жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін, өмірде мынау қас-қағым.

Айбек

Мұсылман болып бір беті, кәпір болып бір беті —
Өзгеріп кетті бүгінде қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың, Мұхаммедтің үмбеті?
Орындалмай жатыр ғой пайғамбардың сүннеті.
Қайда кеткен халқымның Құранға деген құрметі?
Жұртыма менің жұқпасын күпірліктің індеті.
Мойынсыну Аллаға — мұсылманның міндеті,
Мұсылманды түбінде мойындайды жер беті.

Көрініс құрамы

Анасы
Гүлшырын
Ұлы
Талғат

Көрініс атауы: “Ақылды адам Алласын таниды”

Мұғалім түсіндірмесі: негізгі ұғымдарды нақтылау

Әңгіме барысында айтылатын “5 атты” дегеніміз — бес уақыт намаз, ал “30 атты”отыз күн ораза.

Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың күллі мұсылманға парыз еткен бес уақыт намазы мен отыз күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз.

Демек, Алланы ұмытпау және ата-ананы құрметтеу — әрбір мұсылманның міндеті.

“Аллаһ кімдерді сүйеді, кімдерді сүймейді?”

Аллаһ кімдерді сүймейді

  • Өзіне сенбейтіндерді, пайғамбарына мойынсұнбайтындарды.
  • Ата-анасына қарсы шығатындарды, оларды тыңдамайтындарды.
  • Ішімдік ішетіндерді.
  • Қажетсіз ақша шашатындарды (ысырапшылдықты).

Аллаһ кімдерді сүйеді

  • Өзіне сенетіндерді.
  • Ата-анасына қайырым жасайтындарды және оларды тыңдайтындарды.
  • Сабырлыларды.
  • Намаз оқитындарды.
  • Ораза ұстайтындарды, зекет беретіндерді, қажылыққа баратындарды.

Қорытынды

Бір Аллаһ болсын жүректе,
Өзгеге кетпе сатылып.
Жаратқанды білмеген —
Адамзат сипат мақұлық.

Діни білім – тәрбие бастауы. Дін — адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Сондықтан діни тәлім-тәрбие әрбір адам үшін пайдалы және қажетті мәнін жоймайды.