Сан мен өрнекті салыстыру, ережесін қайталау
Шиелі ауданы
«№152 қазақ орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы
Сабақтың тақырыбы
Сандар қатары
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларды сандар қатарымен таныстыру; бір және екі таңбалы сандарды ажырата білуін қалыптастыру; сандар қатарының құрылу заңдылықтарын анықтау және оны салыстыруда қолдануды үйрету.
Дамытушылық
Есте сақтау, ойлау қабілетін және білім деңгейін дамыту; тапсырма орындауда дәлдік пен жүйелілікке дағдыландыру.
Тәрбиелік
Сабаққа қызығушылық пен белсенділікті арттыру; өз бетінше жұмыс жасау мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі
Аралас
Көрнекіліктер
Топтамалар, суреттер, сызбалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Бүгін бізде математика сабағы. Ал математика сабағына дайын болу үшін жиі айтатын нақылымызды еске түсірейік:
«Есептеуді білмейтін адам — түк білмейтін надан.»
Бүгінгі сабақ ерекше: сыныбымызға қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші, ұятқа қалмайық.
III. Негізгі бөлім
Сұрақ:
16 желтоқсан қандай мереке?
Жауап Тәуелсіздік күні
Бұл — еліміздің егемендік алған ерекше мерекесі. Сол күні Астана қаласында түрлі іс-шаралар мен ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Әңгімеміз бойынша, көптеген аңдар да мерекеге барып, ортақтасқысы келіпті.
Сюжеттік тапсырма
Поезд Астанаға аттанбақ.
Аңдар вагондарға жайғасқанымен, қайсысы нешінші вагонда отырғанын шатастырып алыпты. Түлкі дауыстап көмек сұрайды: «Өз вагонымыздың нөмірін білмесек, Астанаға барғанда адасып кетуіміз мүмкін. Вагондарымыздың санын анықтап беретін біреу бар ма?»
Олай болса, көмектесу үшін бірнеше тапсырма орындаймыз. Әр вагонда әртүрлі тапсырма бар.
Тапсырмалар тізімі
- 1 Тура санау және кері санау.
- 2 «Көңілді санамақ».
- 3 Топтамалар арқылы есеп құрастыру және өрнектер жазу.
- 4 8, 9, 10 сандарының құрамын қайталау.
- 5 Өрнек пен өрнекті салыстыру (ережесін қайталау).
- 6 Сан мен өрнекті салыстыру (ережесін қайталау).
- 7 Қосынды жазу және оған кері азайту амалына өрнек құрастыру.
Осы тапсырмаларды орындау арқылы біз аңдарға өз вагондарының ретін анықтауға көмектестік.
Түлкі: «Рақмет, достар! Сабақтарыңды жақсы оқуларыңа тілектеспіз. Сау болыңдар!»
Сандар қатары ұғымы
Енді аңдардан кейін қалған сандарға назар аударайық. Сандар қалай орналасқан? Қатарласып. Сандардың осылай тізбектеле, қатарласып орналасуын сандар қатары деп атаймыз.
Сандар қатарына мұқият қарағанда, бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ажыратуға болады. Оқушылар айырмашылықтарды атап, өз ойларын дәлелдейді.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы зейін мен белсенділікті қайта күшейтеміз.
«Көңілді санамақ» ойыны
Сандар қатары туралы түсінікті бекіту үшін 2–3 оқушыға кезекпен санату ұйымдастырылады.
Оқулықпен жұмыс
- 1-тапсырма: сандар қатарын берілген заңдылық бойынша анықтау.
- 2–3-тапсырмалар: берілген сандарды салыстыру.
- 4-тапсырма: өрнектер құрып, мәндерін табу.
«Ширату» стратегиясы
Логикалық сұрақтар
1-сұрақ
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма жайнаған.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы алдым екеуін.
2-сұрақ
Төрт қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу, бас нешеу?
3-сұрақ
Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, екі арыстан,
Екі қоян, бір түлкі.
Бәрі нешеу? Ойлан сен.
4-сұрақ
Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?
IV. Қорытынды
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау, шағын сыйлықтар беру. Негізгі ұғымдарды қайталап, сабақты қорытындылап аяқтау.