Гүлдер жайлы өлең орында

Шебер-сынып: оқытудың белсенді әдістері (ЖБ және ҚБ)

Бұл шебер-сыныпта сабақтың әр кезеңінде белсенді әдістерді тиімді қолдану, пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру және топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары тәжірибе арқылы меңгеріледі.

Оқу мақсаттары

  • Тыңдалған материал бойынша сабақтың әр кезеңінде белсенді әдістерді қолдануды үйрену (бағалау түрлерін қолдану).
  • Берілген тапсырмалар бойынша мұғалім жетекшілігімен өз пікірін білдіру (кері байланыс беруге дағдылану).
  • Топқа бөлу тәсілдері арқылы топтық жұмыс үдерісін меңгеру (бағалау түрлерін үйрену).

Сабақ мақсаттары

Барлығы:
жаңа әдісті түсініп, меңгереді.
Көбі:
тақырыпты тыңдап, түсініп, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі:
алған білімін өмірде және тәжірибеде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Ұйымдастырылған тәжірибелік әдістерді дұрыс қайталай алады және өз ойымен бөліседі.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін дәлелдей алады.

Сабақ құрылымы

Уақытты жоспарлау: 5 + 8 + 16 минут

Сабақтың басы

5 минут

Мақсат: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және қатысушылардың күтілімін анықтау.

№1. «Көзбен амандасу»

Қатысушылармен сөз қолданбай, тек көзқарас арқылы амандасу ұсынылады. Жүргізуші көзқарас арқылы бүгінгі көңіл күйін де байқатады.

№2. «Әр күнге арналған рецепт»

«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы ойды жүйелеу: бір бағанда қабылданған ой/дәйек, екінші бағанда жеке пікір/сұрақ белгіленеді.

№3. Ой қозғау

  • Бүгінгі шебер-сыныптан нені күтесіз?
  • Сізге қандай тұстар қиындық тудыруы мүмкін?

Сабақтың ортасы

8 минут

№1. «Ойлан да тап» (сын тұрғысынан ойлау)

Қысқаша шолу: «Гүлдер» өлеңінің авторы — Тұманбай Молдағалиев (1935 ж., Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы). Ақынның «Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Зулайды күндер» т.б. жинақтары бар. Сонымен қатар көптеген ән мәтіндерін жазған. «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» сияқты ән мәтіндері халық арасында кең тараған.

№2. Сұрақтар арқылы талқылау

  • Қандай гүлдердің атын білесіздер?
  • Гүлдер қай жерлерде өседі?
  • Гүлдер қалай көбейеді?
  • Гүлдер немен қоректенеді?

Көршіңізбен жұптасып, сұрақтар төңірегінде бір-біріңіздің не білетініңізді сұрап, ой бөлісіңіз.

№3. Топпен жұмыс

Талқылау нәтижесін топ ішінде ортақ ойға біріктіру, қысқа таныстырылым жасау.

Сергіту сәті

1 минут • «Аппақ гүлдер» (әуенімен бірге айту)

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Сабақтың аяқталуы

16 минут

№4. Қызықты тапсырма (топтық жұмыс)

8 минут

I топ

Гүлдер туралы мәтін құрастыру. Сөз тіркесі ережесін түсіндіру.

II топ

Гүлдер туралы өлең шығару.

III топ

Гүлді қалай өсіреді? Құрылысын сипаттап айту.

IV топ

Гүлдің суретін салу және гүлдер туралы өлең орындау.

№5. «Шығармашылық шыңына талпыныс»

Қағаздан гүл жасау арқылы шығармашылық жұмыс орындау.

№6. Топтастыру: «Мен не білемін?»

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды топтастыру, қысқаша қорытынды жасау және кері байланыс беру.