Қарасаз қарашалғын өлеңде өстім ақын өлеңдерінен үзінді
Кештің жоспары
Кеш бірнеше кезеңнен тұрады. Әр бөлім оқушылардың білімін, өнерін және поэзияға деген ықыласын ашуға бағытталған.
-
1
«Жазылар естеліктер мен туралы» — ақынның өмір жолы
Слайд арқылы таныстыру.
-
2
«Қарасаз, қара шалғын…» — өлеңдерден үзінді
Мәнерлеп оқу, жас ақындардың өнер көрсетуі.
-
3
«Білімді бірді жығады, білікті мыңды жығады» — сұрақ-жауап
Танымдық бөлім: ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар.
-
4
«Айтыс — сөз өнері»
Шешендік, ұйқас, тапқырлыққа баулитын бөлім.
-
5
Поэмалардан үзінді — көрініс
Көркем қойылым арқылы поэма мазмұнын ашу.
-
6
«Ақын өлеңдері жүрегімізді әнмен тербейді» — ән сайысы
Мұқағали сөзіне жазылған әндер, орындаушылық шеберлік.
-
7
Қорытынды бөлім
Қазылар алқасының шешімі, марапаттау, қорытынды сөз.
Кеш барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар, қымбатты оқушылар және ата-аналар! Бүгін біз ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешіне жиналып отырмыз.
Қысқа ғұмырында-ақ қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан Мұқағали Мақатаев ұрпаққа ұлан-ғайыр мұра қалдырды. Бүгінгі кешіміз сайыс түрінде өтетіндіктен, әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
1-кезең. Ақынның өмір жолы (слайд)
Қарасаз, кіндік қаным саған тамған,
Жолдасым, бірге келген сенде қалған.
Шыбықтан ат қып мініп, балық аулап,
Өзен мен ормандарда асыр салғам.
Әне тұр менің туған жаман тамым,
Сол тамда көрген тұңғыш өмір шамын.
Есігін өмірімнің сонда ашып,
Іңгәлап мен де өмірге ұмтылғаным.
Осы шумақтар ақынның туған жері Қарасазға деген ыстық сағынышын, балалық шағының шынайы суретін танытады. Слайд арқылы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылық жолына қысқаша шолу жасалады.
Бүгін біз өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп, жырлап өткен сыршыл әрі сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретке бас иеміз.
2-кезең. «Қарасаз, қара шалғын…» — өлеңдерден үзінді
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, соған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!
Ақынның өзі айтқандай, ол өмірден өтсе де, өлеңі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Ендеше, сайысқа қатысатын жас өнерпаздарға кезек берейік.
Қатысушылар таныстыруы
1-топ: «Жұлдыз» тобы
Топ ұраны мен таныстыру өлеңі
Армысыздар, оқушылар, ұстаздарым,
Өздеріңнен тұтанғанбыз біз бір жалын.
Мақатаев жырларына шөліркеген
Жандардың қандырамыз жан құмарын.
Қайран Мұқан бағалатты өз ошағын,
Теңепті әр биікке ұл-қыздарын.
Топтың атын арнадық «Жұлдыз» ұлға,
Ол десе Мұқаң қойған жерге асын.
Мен туғанда туғандай
Дүниеге жаңадан,
Секілді жаным бір
Жұлдыз мұңая маған қараған.
Ол жұлдызда өмірімнің
Жалынды оты шашылар,
Көрген сайын көңілімнің
Көмескі тұманы ашылар.
Келесі бөлімдер
Алдағы кезеңдерде сұрақ-жауап, айтыс, поэмалардан көрініс және ән сайысы ұйымдастырылады. Әр бөлім оқушылардың шығармашылық қабілетін танытып, Мұқағали поэзиясының тәрбиелік мәнін тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.