Қара мына ғажапқа, Теңдік тиді қазаққа

Ұйымдастырушылар

Өндірістік оқу шебері

Исмагулова Анаргүл

Топ кураторы

Қуандықова Самал

«Желтоқсан алауы» (тәрбие сағаты)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлы дүбірге үн қосып, оқушыларды Отанын сүюге, елін қорғауға баулу — осы тәрбие сағатының негізгі өзегі.

Тәрбие сағатының мақсаты

  • Тәуелсіздік туы желбіреген жылдардағы жетістіктерді атап өтіп, оларды мәңгі есте сақтаудың маңызын түсіндіру.
  • Ел тәуелсіздігі үшін күрескен, сол жолда жастық ғұмырын халқына арнаған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
  • Еліміздің тарихына құрметпен қарауға, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтап, жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Қазақстан Республикасының рәміздері.
  • Буклеттер, интерактивті тақта.
  • Қанатты сөздер.

Кіріспе

І жүргізуші

Биыл тәуелсіздік туын көтеріп, керегемізді нықтағанымызға 21 жыл толып отыр. Осы мерекені Қазақстан халқының баршасымен бірге біздің лицей де атап өтуде. Демократияны аңсаған жастардың ашық қарсылық көрсеткеніне, яғни Желтоқсан көтерілісіне — 26 жыл. Сол кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі туралы тұңғыш айқын сөздер айтылды. Бұл оқиға одақтас республикалардағы демократиялық қозғалыстың бастауына айналды.

ІІ жүргізуші

«Алтын арай, таңғы жұпар самал…» деп жырлай отырып, бостандықты аңсаған, туған жері — қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған Желтоқсан қаһармандарын еске алу кешіне қош келдіңіздер!

Музыкалық бөлім

Хор — Әнұран

Жүргізушілердің жыр шумақтары

І жүргізуші

Тәуелсіздік түскен жоқ аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған.

ІІ жүргізуші

Өзіңдікі — елің де, Өзіңдікі — жерің де, Өзіңді — өзің еткен бақ, Тәуелсіздік — төріңде. Асқар тау да — сенікі, Бақша-бау да — сенікі. Қалтқысыз дос пенен Қатал жау да — сенікі.

І жүргізуші

Қара мына ғажапқа, Теңдік тиді қазаққа. Езгідегі ұрпағың, Енді айналмас мазаққа.

Музыкалық бөлім

Хор — «Желтоқсан желі»

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы

Наргиза

Қыстырмады оны ешкім құлағына, Қарамады көз жастың бұлауына. Темір жасақ тепкіші — империя, Қантөгістің жол берді лаңына. Шаштан сүйреп жазықсыз бұрымдарды, Бет-ауызы бейнесіз жырымдалды. Көшелерге шығуға орын болмай, Түршіктік біз көргенде қызыл қанды. Ұмыта алмас қазағым тылсыздарды, Тәуелсіздік табынар бүршік жарды. Желтоқсанның ызғары ай дірдектеткен, Еске алам мен кешегі қыршындарды.

2-оқушы

Айдана

Жастық жырын Желтоқсанда самғаттым, Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттым. Егеменді ел болып алдың бүгінде, Рухына бас иемін қайраттың. Қан төгілді қара жерге қаншама, Қайғылы із — белгісі ғой баршаға. Егеменді ел болып алдың бүгінде, Қуанышым мәңгі тарқамас, шаршама.

3-оқушы

Дана

Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі, Ақшақар — қыстың нағыз сәні еді. Туған жерге қонып жатыр үміттер, Сол үміттер жырға мені бөледі.

Негізгі ой

Желтоқсан оқиғасы — еркіндікке ұмтылған ел рухының айғағы. Тәуелсіздікке жеткізген жолдың бағасын біліп, елдік мұратты, бірлік пен дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.