Құралдарын тексеру
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары
Бұл сабақ ұлттық ас мәдениетін таныстырып қана қоймай, тағам дайындаудың техникасын, дастархан әдебін және күнделікті тұрмыста қажет болатын практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Білімділік мақсаты
- Салт-дәстүрмен байланысқан тағам дайындау техникасын меңгерту.
- Тағам түрлерін әзірлеуді, жасалу жолдарын түсіндіру.
- Дайын тағамдардың сіңімділігі мен пайдасын талқылау.
- Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты
- Тағам әзірлеудегі шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Аспаздық тәжірибе арқылы еңбек дағдысын жетілдіру.
- Өнімдерді өңдеу және үйлестіру мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
- Үй шаруасына икемділікке, ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.
- Қазақ халқының табақ тарту, дастархан мәдениетін үйрету.
- Эстетикалық талғамды дамыту, тағамды көркем ұсынуға баулу.
Ресурстар мен көрнекілік
- Техникалық құралдар: мультимедиялық кабинет жабдықтары.
- Көрнекілік: тағам түрлерінің қаттамасы, суреттер, карточкалар.
Пәнаралық байланыс
Тарих, химия, әдебиет, ән, биология пәндерімен байланыстыра отырып, тағамның шығу тегі, құрамы, дәстүрдегі орны және денсаулыққа әсері қарастырылады.
Сабақтың әдістері мен форматы
Әдістер
Демонстрация, көрнекілік, логикалық талдау, сарамандық жұмыс, ізденіс, зерттеу, деңгейлік тапсырмалар.
Түрі
Аралас сабақ, топтық жұмыс, ойын-жарыс форматтары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтарды тексеру.
II. Миға шабуыл
I деңгейлік тапсырмалар
- Ұлттық тағамдарды атаңыз.
- Сүт тағамдарына қандай өнімдер жатады?
- Тестодан жасалатын тағамдардың негізгі өнімі қандай?
- Тосап неден алынады? Шалап дегеніміз не? Кілегей қандай тағам?
- Қазы-қарта, жал-жая қай малдың етінен жасалады?
- Қай өнімдерде дәрумендер көп болады? Тағам дайындаудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
Назар аударатын ұғымдар
III. «Брейн-ринг» ойыны
II деңгейлік тапсырмалар
- Бешбармақтың дайындалу технологиясын түсіндіріңіз.
- Наурыз көже туралы не айтуға болады?
- Құймақтың дайындалу технологиясын сипаттаңыз.
- Балық тағамдары туралы қысқаша мәлімет беріңіз.
- Тағам дайындаудың негізгі тәсілдерін атаңыз.
- Қазы-қарта қай еттен жасалады және қалай дайындалады?
IV. Шығармашылық жұмыс және сарамандық бөлім
Кіріспе ой
Халқымыз асты аса жоғары бағалаған. «Ас — адамның арқауы» деген сөзді әрбір қазақ біледі. Қазақ қоғамында тамақтың орны тіршілікке қажет құндылықтардың ең алдыңғы қатарында болған. Асты құрметтеудің жолын да, оны дәмді етіп дайындаудың тәсілін де халық жақсы меңгерген.
Ортақ мәдени кеңістік
Ауылымызда қазақ халқымен бірге орыс халқы да тұрады. Бірге өмір сүріп, бір ауамен тыныстап, бір суды ішкен соң, бір-біріміздің дәстүріміз бен ұлттық тағамдарымызды да танып-білу маңызды.
Осы идея негізінде екі мейрамхана үлгісі қарастырылады: «Золотая вилка» — орыс асханасына, ал «Дастархан» — ұлттық тағамдарға бағытталған. Директорлар ретінде оқушыларға ұлттық тағам дайындап келу тапсырмасы беріледі, кейін дастархан мәзірі жасақталады.
Практикалық тапсырма
- Дастархан мәзірін құрастыру.
- Үстелді жабдықтау (сервировка) және тағам ұсыну мәдениетін көрсету.
- Топпен жұмыс жасау арқылы рөлдерді бөлісу (әкімші, аспаз, ұйымдастырушы).
Әкімшілерге тапсырма (карточкалар)
Сұрақтар
- Үстелді жабдықтау (сервировка) дегеніміз не?
- Көкөністердің адам ағзасына пайдасы қандай?
Сұрақтар
- Адам тәуліктің қай мезгілінде дұрыс әрі құнарлы тамақтануы керек?
- Ұннан дайындалатын ұлттық тағамдарды атаңыз.
«Кім жылдам?» бөлімі
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру
Оқушыларға тағам, еңбек, тазалық және қонақжайлылық тақырыптарындағы мақал-мәтелдердің жалғасын немесе мағынасын тауып, сәйкесін көрсету тапсырмасы беріледі.