Ондықтан құралған сан
Сабақтың тақырыбы
Қызықты математикалық ойындар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың математикалық білімін және қабілетін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық
Өлең-есептер, ертегі есептер және сөзжұмбақ шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Оқушыларды өз ойын еркін айтуға қалыптастыру.
- Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Туған жердің табиғатын сүюге және қорғауға баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Танымдық ойын-сайыс сабақ.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекіліктер
Сөзжұмбақ, бейнелі сөздер, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, ертегі есеп, өлең-есеп, слайдтар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-сыныпта өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты — әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімді тереңдету және алған білімді пысықтау. Бүгін өлең-есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар және бейнелі сөздер ұсынылады. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай қосылады.
Марапаттау
- Ең көп ұпай жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.
- Ұпайы аз топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.
Шақыру өлеңі
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шеру шашайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ, есеп — бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық!
2) Топтармен танысу
Топ
Алғырлар
Озып шығып бәйге аламыз,
Аты аңызға айналған.
Алғыр бала атанып,
Біз де ғалым боламыз.
Топ
Білгірлер
Мақтанбаймыз білгірміз деп,
Таудай бірақ талабымыз.
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
3) Көңіл күйді көтеру сәті
Сабақты ерекше көңіл күймен бастау үшін көзімізді жұмып, әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды.)
Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі...
Өлең
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар, қандай көріністі елестеттіңдер? Әсем табиғатты.
4) Проблемалық жағдай және тапсырма
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көл жағасына демалуға барады. Олар суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы тамаққа шақырады. Тамақтанғаннан кейін ойнайды. Кетер кезде әкесі қарбыз жарып береді. Қарбызға тойған соң, балалар қабықтарын көлге лақтырып ойнайды. Анасы ыдыстарды жинағанымен, тамақ қалдықтарын көлге тастап, қалған қоқысты жинамастан: «Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз» — дейді. Сөйтіп, олар кетіп қалады.
Ой тастау
Табиғатымыз қоқыстанып, ластанып барады. Оны тазартуға өз үлесімізді қосайық. Ол үшін сөзжұмбақ шешеміз: әр дұрыс жауап — табиғатты «тазартуға» жасалған бір қадам.
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар.
Сайысымызды бастайық,
Сөзжұмбақты қиналмай,
Лезде шешіп тастайық.
Сөзжұмбақ тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ұпай жинайық.
Алғырлар
-
1) Ең кіші үш таңбалы сан
Жүз
-
2) Қабырғалары тең тік төртбұрыш
Шаршы
-
3) Ондықтан құралған сан
Қырық
-
4) Бір таңбалы сан
Үш
-
5) Кеміту амалы
Азайту
Білгірлер
-
1) Бір таңбалы сан
Бір
-
2) Геометриялық фигура
Төртбұрыш
-
3) Бұрыш түрі
Сүйір
-
4) Уақыт өлшем бірлігі
Ғасыр
-
5) Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз?
Шеңбер
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу (мәтіндегі бастапқы ескертпе сақталды).