Арқаның асқақ әншілері

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы • №32 мектеп-гимназия

Музыка пәнінің мұғалімі: Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы

Сабақтың тақырыбы: Арқаның асқақ әншілері

Бұл сабақта Арқа өңірінің дәстүрлі әншілік мектебін қалыптастырған ірі тұлғалардың мұрасы зерделенеді. Негізгі назар халық композиторларының шығармашылық болмысына, әндерінің шығу тарихына және орындаушылық ерекшеліктеріне аударылады.

Мақсаты

Білімділік

  • Арқаның әншілері — Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса туралы түсінік беру.
  • Оқушылардың орындаушылық қабілеттерін қалыптастыру.
  • Халық композиторларының өмірі мен шығармаларын есте сақтауға бағыттау.

Дамытушылық

  • Шығармалардың шығу тарихы мен орындалу ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Дамыта оқыту арқылы талдау дағдыларын жетілдіру.
  • Ән орындау шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке, патриоттыққа, отаншылдыққа баулитын әндерді орындау.
  • Өнерге қызығушылықты арттыру.

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру және әдістер

Сабақ типі
Бекіту
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап, логикалық ойлау, баяндау
Пән аралық байланыс
Музыка, Мұрагер, Әдебиет, Тарих

Көрнекілік және құралдар

  • Халық композиторларының портреттері
  • Домбыра
  • Баян аспабы
  • Үнтаспа

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушыларды жаңа тақырыпқа бағыттау.
  3. 3 Тақырыпты ашу және әрі қарай дамыту.

Сабақты ашатын сұрақтар

1-сұрақ

Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері туралы не білеміз?

Қазақтың домбыраға немесе басқа аспапқа қосылып айтылатын әншілік дәстүрін дәстүрлі ән айту өнері дейміз.

2-сұрақ

Дәстүрлі ән өнерін дамытушылар туралы не білеміз?

Түрлі аспаптармен өзін-өзі сүйемелдеп, өзі ән айтатын дәстүрлі өнерімізді талай тарлан талант үлкен көркемдік деңгейге көтеріп, әлемдік ән айту өнерінің өзіндік ірі саласы ретінде қалыптастырды.

Сабақтың өзегі

Ендеше, бүгінгі сабақта өнер атаулыға бас иетін, әнге де, жырға да құмар халқымыздың жүрегіне музыканың биік шыңын ұялатқан Арқаның асқақ әншілері туралы сөз қозғаймыз.