Өсімдік мүшелерінің қызметі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сынып және бөлім

Дүниетану, 2-сынып. «Өсімдіктер тіршілігі» бөлімін қорытындылау және пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі

  • Қорытындылау, пысықтау
  • Әдісі: топпен жұмыс
  • Технологиясы: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау
  • Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиеттік оқу

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Өсімдіктің тірі табиғатқа жататынын дәлелдеу.
  • Өсімдік мүшелерін, тұқымнан өсетінін және олардың қызметін түсіндіру.
  • Өсімдікке қажетті жағдайлар туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Өсімдіктер туралы білімді кеңейту.
  • Ойлау, салыстыру, дәлелдеу дағдыларын дамыту.
  • Топта жұмыс істеу және пікір айту мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Өсімдіктің адам мен жануар өміріндегі маңызын ұғындыру.
  • Табиғатты қорғауға, өсімдікке жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
  • Өсімдіктерді ажырата білуге баулу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Көрнекіліктер

  • Суреттер, гербарийлер
  • Интерактивті тақтадағы слайдтар
  • Тірек-сызбалар, үлестірмелер

Бағалау құралдары

  • Тест тапсырмалары
  • Топ атауы жазылған кеспелер
  • Жауаптарды тексеру, қорытынды бағалау

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі және психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері (өлең жолдары)

Күндей жадырап,

Айдай арайланып,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі сабақты бастаймыз!

Мұғалім сабақтың мақсаттарын таныстырады: оқушылар өсімдіктер туралы алған білімдерін қайталап, қорытынды жасап, сайыс түріндегі топтық тапсырмалар арқылы өз ойларын дәлелдеп көрсетеді.

2) Топқа бөлу (өсімдік мүшелері бойынша)

Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ өсімдік мүшелеріне қатысты атау алып, өз ерекшелігін қысқаша сипаттайды.

1-топ

Тамыр

Шашақ, кіндік, жанама, негізгі тамыр түрлері.

2-топ

Сабақ

Тік өсетін, төмен қарай салбырап өсетін, оралып-шырмалып өсетін сабақ түрлері.

3-топ

Жапырақ

Тыныс алады, буландырады; пішіні әртүрлі болады.

4-топ

Жеміс

Құрғақ және шырынды жеміс түрлері.

3) Тапсырмалар (сайыс бөлімі)

1-тапсырма

Әр топ өз атауының маңызын түсіндіріп, қысқаша қорғайды.

2-тапсырма (топтық сұрақтар)

1-топ

Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде.

2-топ

Өсімдіктің өсуіне қандай жағдайлар қажет?

3-топ

Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?

4-топ

Өсімдік мүшелерінің қызметін ата.

3-тапсырма

Өсімдіктерге қатысты мақал-мәтелдерді толықтыр.

  • Бір тал кессең, он тал ек.
  • Ағаш көркі — жапырақ, адам көркі — шүберек.
  • Білім басқа бітеді, қына тасқа бітеді.
  • Алтын, күміс — тас екен, арпа-бидай — ас екен.

4-тапсырма (барлық топқа)

Өсімдіктің маңызы қандай? Жауаптарды «пайдасы» бойынша топтастырып айту.

Таза ауа

Оттегі бөледі, ауаны тазартады.

Қорек және тағам

Жеміс-жидек, дәнді дақылдар.

Баспана

Жануарларға мекен.

Демалыс орны

Көгал, саябақ, көлеңке.

Тұрмысқа қажет

Үй, жиһаз, ағаш өнімдері.

Дәрі-дәрмек

Емдік өсімдіктер.

Сергіту сәті (қимылмен)

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Қызыл-жасыл гүлдері

Көздің жауын алады.

Үзіп-жұлмай бекерге,

Аялайық біз оны!

Мұғалім қорытындылап: оқушылардың өсімдік туралы білімін жақсы меңгергенін атап өтеді және келесі бөлімде өсімдікті қорғаудың маңызы қарастырылатынын хабарлайды.

Түсіндірме бөлім: Өсімдікті қорғау неге маңызды?

Өсімдік — тіршілік тірегі

  • Өсімдіктер жыл сайын атмосфераға шамамен 400 млн тонна оттегі бөледі.
  • Бір адам тыныс алу үшін жылына орта есеппен 173 мың литр оттегін пайдаланады.
  • Кейбір өсімдіктер ауадағы ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше заттар бөледі.

Адам әрекетінің әсері

Тікелей әсер

Орманды кесу, жасыл желекті жою.

Кешенді әсер

Зиянкестермен күресу кезінде егістік пен бау-бақшаға зиян келтіру.

Ойланбай жасалатын әрекет

Шаруашылықта не демалыс кезінде өрттің абайсызда шығуы.

Маңызды дерек

Соңғы жылдары Қазақстанның орман қоры аумағында 2257 орман өрті тіркелген. Өрттердің шамамен 70%-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

Сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерді сақтау және көбейту — ортақ міндет.

5-тапсырма: Тест

Тест сұрақтары арқылы негізгі ұғымдар қайталанып, жауаптар тексеріледі және бағаланады.

  1. 1) Өсімдіктің жер асты мүшесін тап.

    • а) сабақ
    • ә) жапырақ
    • б) гүл
    • в) тамыр
  2. 2) Өсімдіктің тыныс алу мүшесін тап.

    • а) тамыр
    • ә) сабақ
    • б) жапырақ
    • в) гүл
  3. 3) Өсімдік бөліктерін ретімен тап.

    • а) жапырақ
    • ә) гүл
    • б) сабақ
    • в) тамыр
    • г) жеміс
  4. 4) Тірі табиғатқа не жатады?

    • а) жаңбыр, қар
    • ә) торғай
    • б) ай
  5. 5) Табиғи заттарды ата.

    • а) шкаф, телефон
    • ә) саз, топырақ
    • б) аяқ-киім

Қорытынды

Тест нәтижелері бойынша жауаптар тексеріліп, оқушылар бағаланады. Сабақ соңында әр топ бір-бірден гүл отырғызып, «табиғатты аялау» идеясын іс-әрекетпен бекітеді.