Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ, Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық
Байқоңыр қаласы
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагүл Байдуллаевна
Тақырыбы
Мінез – көңіл айнасы
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Ізденушілік жұмыс
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Мақсаты
- Оқушылардың мінез-құлық туралы түсінігін кеңейту.
- Мінездегі жетістік пен мінді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Медиапроектор
- Слайдтар
- Қанатты сөздер
- Үнтаспа
1) Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін өнер атаулының ішіндегі құдіреттілерінің бірі — ән. Оқушыларды ән тыңдауға шақырып, жағымды көңіл күй қалыптастырамыз.
2) Ойланайық, пікірлесейік
Ән тыңдап, көңіліміз көтерілген соң тақырыптың мағынасын ашу үшін «Мағынаны тану» ойынын ойнаймыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Неліктен «мінез — адам көрсеткіші» деп ойлайсың?
- Адамның жақсы мінезіне қандай қасиеттер жатады?
- Мінезі қиын адамда жақсы қасиет болуы мүмкін бе?
- Жаман мінезді қалай түзетуге болады?
3) Мәтінмен жұмыс
Абайдың өлең жолдарын оқып, мағынасын талдаймыз. Абай сипаттаған адам бойындағы міндердің бүгінгі күнде қалай көрініс табатынын мысалдар арқылы анықтаймыз.
4) Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, ойыңды ортаға сал.
Талқылау сұрақтары
- Адам бойында қандай жағымды және жағымсыз қасиеттер болады?
- Өз мінезің туралы не айтар едің?
Іскерлік ойын: «Өзімді бағалаймын»
Таратылған парақтарды толтыру арқылы оқушы өз қасиеттерін саралайды.
Жағымды қасиеттерім
Жағымсыз қасиеттерім
Мақсатым
5) Назар аударайық
Ассоциация: «Сұлулықтың қандай түрі бар?»
Сұлулық — тек сыртқы бейне емес. Мінез сұлулығы да болады. Жанның өз әсемдігі бар: адамның істеген қылығының тартымдылығы жүрекке жылу беріп, айналасына әсер етеді. Бұл — рухтың ұлылығына байланысты қасиет.
Оның алғашқы белгісі — өзіне ұнамайтын адам туралы да жақсы пікір айта білу.
6) Ойын: «Мен қандаймын? Ол қандай?»
«Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді атап шығады. Бұл тапсырма байқампаздықты арттырып, жылы қарым-қатынас қалыптастырады.
7) Дәйексөз
«Кісіге екі дүниеде пайдалы — ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі — ұят, үшіншісі — әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.»
8) Есіңе сақта
Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіреміз. Бұл ойлар мінездің қалыптасуы мен адамдық қасиеттің өзегін айқындайды.
«Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.»
«Мінез-құлық — әркімнің өз кейпін көрсететін айна.»
«Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады. Тек әдет арқылы адам өз мінезін қалыптастырып, ойы іске айналады.»
«Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап алу үшін мінездегі кемшілікті сылтау ету — бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты.»
9) Шығармашылық жұмыс
Эссе тақырыбы
«Жаныңда жүр жақсы адам»
10) Үйге тапсырма
Сурет салу тапсырмасы:
1-топ
Адамгершілігі мол адам
2-топ
Мейірімді адам
11) Қорытынды
Адамгершілік қасиеттер — өз бойыңдағы жақсы мінез-құлықтан, жақсы әдеттен, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әженің берер тәрбиесімен бойға сіңеді.
Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандықты, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектесіп, дұрыс бағыт таңдауға үйретеді.
Саралау, таңдау, бағалау, байыптау — өзіңе керегін алып, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өз қолыңда. Жақсы адам боламын, өмірдегі мақсатыма жетемін десең, бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.
12) Жүректен-жүрекке
Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып, Бабалар кетті — ұрпаққа тілеп жақсылық. Бақытқа елді жетелейтін ынтымақ, Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.