Мағжан ЖұмабаевЖып - жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу

Мағжан Жұмабаев

Жып-жылы түн маужырап,
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл -
Өсіп балам ер жетіп.
Шырылдап торғай аспанда,
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып,-
Таң алдында жалбарып,
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып.
Көтеріп зұлмат қанатты,
Жер де кетті жаңарып.
Таң, Күн деген - жер жаны,
Бұл екеуінсіз жоқ сәні.
Оқу-білім - ер жаны,
Жараспас ерге құр жаны.



Ұқсас жұмыстар

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы туралы ақпарат
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
Концепт туралы түсінік
Мағжанның лирикасы
Ж. Аймауытұлы әңгімелері
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
БУМЫН ҚАҒАН
ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
ҚАРАБУРА
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі