Ауызша қосу, азайту тәсілдерін пысықтау
Математика • 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: кестеден тыс қосу және азайту
Сабақтың түрі: жинақтау сабағы
Сабақ ауызша есептеу дағдыларын бекітуге және топпен жұмыс арқылы ойлауды дамытуға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
-
Ауызша қосу және азайту тәсілдерін пысықтау.
-
Өзіндік жұмыс пен топтық бірлескен талдау арқылы ойлауды дамыту.
-
Білім, білік, дағды және оқу белсенділігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен әдістер
Көрнекіліктер
- кесте
- парақшалар
- дидактикалық материалдар
- деңгейлік тапсырмалар
Қолданылатын әдістер
- топтық жұмыс
- СТО (сын тұрғысынан ойлау) стратегиялары
Сабақтың барысы
Қызығушылықты ояту
Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландырып, ауызша есептеуге дайындау жүргізіледі.
1) Математикалық диктант
Оқушылар тек жауаптарын жазады. Кейін нәтижелер салыстырылады: қате жауаптың үстінен бір рет сызып, дұрысын жазады.
- 60 пен 34 сандарының қосындысы неге тең?
- 88 бен 44 сандарының айырмасын тап.
- 50 санына 34 пен 4 сандарының айырмасын қос.
- 35 санынан 12 мен 3 сандарының қосындысын кеміт.
- 35 см-ге 3 дм 3 см-ді қос.
- 60 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
- 70 саны шығу үшін 56 санына нешені қосу керек?
- 100 саны шығу үшін 97-ге нешені қосу керек?
- 90 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
- 85 саны шығу үшін 100-ден нешені азайту керек?
2) «Кім тапқыр?» ойыны
Жылдам ойлау мен дәл есептеуді дамытуға арналған қысқа ойын тапсырмасы.
Мағынаны таныту
Оқушылар 3 топқа бөлініп, баған түрінде есептеп шығарады және жауаптарының дұрыстығын тексереді.
1-топ
- 90 − 58= 32
- 25 + 58= 83
- 95 см − 43 см= 52 см
2-топ
- 57 + 13= 70
- 42 + 28= 70
- 55 см − 41 см= 14 см
3-топ
- 56 − 36= 20
- 100 − 65= 35
- 79 − 56= 23
Ескерту
Оқушылар жауаптарын ауызша айтады, ал мұғалім есептеу жолының дұрыстығына назар аударады.
Шығармашылық жұмыс: салыстыр
Алдымен оқулықтағы есептердің қысқаша шарттары салыстырылады. Талдау нәтижесінде олардың бір-біріне кері есеп екені анықталады.
- Барлық есепте балалар саны бірдей екеніне көз жеткізу.
- Сандық мәндер әртүрлі болуы мүмкін екенін түсіндіру.
- 100 шығу үшін кез келген үш санның қосындысы бола алатынын еске түсіру.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.
Топтық тапсырма
Әр топқа өрнектер беріледі. Нәтижелер тақтада тексеріледі.
1-топ
- 4 + 57және57 − 4
- 13 + 8және8 + 15
- 95 − 65және90 − 65
2-топ
- 55 + 45және45 + 55
- 77 − 14және87 − 14
- 80 + 2және20 + 8
3-топ
- 80 − 20және80 − 23
- 24 − 8және20 − 8
- 80 − 55және86 − 55
«Кім жылдам?» ойыны
Тақтада орындалады: оқушылар алдымен есеп құрастырады, кейін шешу жолын көрсетеді.
| Зат атауы | Бағасы | Сенде болғаны | Қалды |
|---|---|---|---|
| … | 37 теңге | 50 теңге | … ? теңге |
| … | 54 теңге | 100 теңге | … ? теңге |
| … | 46 теңге | 50 теңге | … ? теңге |
Өзіндік жұмыс (нұсқа бойынша)
I нұсқа
- 100 − (17 + 33)
- 34 + 18 + 16 + 2
- (25 + 35) − 32
II нұсқа
- 78 − (14 + 28)
- (77 + 14) − 67
- 11 + 5 + 45 + 19
Үй тапсырмасы
№4 тапсырма түсіндіріледі.
Қорытынды және бағалау
Сабақ соңында нәтиже қорытындыланып, оқушылардың жұмысы бағаланады.