Қадыр Мырза ӘлиӘжейлердің өркешіТұлымды да кекілдіТату үйдің еркесі:Немерелер секілдіӘжейлердің өркеші

Қадыр Мырза Әли

Әжейлердің өркеші

Тұлымды да кекілді
Тату үйдің еркесі:
Немерелер секілді
Әжейлердің өркеші.
Көрмегеңдер өкінді
Келінінің көжегін.
Бағасы пәс секілді
Өркеші жоқ әженің.
Жырқұмарлар іңірде
Жиналар от басына,
Өркештерін бір - бірден
Қойып қойып қасына.
Жылуы мен шуағы
Мәңгі өшпейтін ошақта.
Ұйқтап олар шығады
Өркештерін құшақтап.
Жас отаудың шырағы,
Жарқыраған шамы әрі:
Ол өркештер тұрады
Екі - үш жылда жаңарып.
Боз қыраулы жауынды
Бар ғой талай межелер...
Өсіретін ауылды
Сол өркешті әжелер.



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырза Әлі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесі
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
С. Жұмабекова - ғасырдың батыр анасы
Қазақ балалар әдебиетінің тарихы
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi