Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Адам болу — арманым»

Құндылық

Дұрыс әрекет

Сынып

1-сынып

Қасиеттер

  • адамгершілік
  • ізгілік
  • мейірімділік
  • адалдық
  • татулық
  • сұлулық

Мұғалім

К. Айжарикова

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.

Міндеттері

  • Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
  • Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
  • Жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген азамат тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер, күн суреті, жүрекшелер, бояулар, ақ қағаздар.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Сабақ тыныштық сәтінен басталады: оқушылар зейінін жинақтап, сабақты жылы көңіл күймен бастауға дайындалады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін мазмұнды талқылауға бағытталған сұрақтар қойылады:

  • Ана қарлығаш қандай қамқорлық көрсетті?
  • Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

Дәйексөз

«Адамның ең жаманы — талапсыз».

(Абайдың 44-қара сөзінен)

Бұл ой адамның алға ұмтылысы туралы айтады. Егер адам талаптанбаса, білмекке құштарланбаса, алдына мақсат қоймаса, өмірі бос өтуі мүмкін. Сондықтан әркім өз мүмкіндігінше талаптанып, еңбектеніп, көздегеніне жетуге талпынуы керек.

Мұғалім сыйы: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Талқылау сұрақтары

  • Өлеңнен не түсіндіңдер?
  • «Адам болу» үшін ұмтылдыратын бес нәрсе қайсы?
  • Неден аулақ болу керек?

Негізгі ой

Абай адамды өсіретін қасиеттерді нақты атайды: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Сонымен қатар адамды кері тартатын мінездерден сақтандырады: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз шашпақтық.

Ойын: «Мен адаммын»

Шарт: әр оқушы «Мен адаммын, өйткені…» деп басталып, адамның ерекше қасиеттерін атап шығады. Ойды жинақтап, шеңбер бойымен айтады.

Мысалдар

  • Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.
  • Мен адаммын, өйткені ақылдымын.
  • Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын.
  • Мен адаммын, өйткені ойлай аламын.

Ойын: «Мен қандай баламын?»

Оқушыларға сары түсті қағаз таратылады. Әр бала қағаздан күннің шуақтарын қиып, әр шуаққа өз бойындағы жақсы қасиеттің бірін жазады. Шуақтар тақтаға кезекпен ілінеді. Мұғалім күннің ортасын қиып, ортасына «Мен» деп жазып, тақтаға орналастырады.

Нәтижесінде сыныптың ортақ құндылықтарын көрсететін, жақсы қасиеттерге толы үлкен күн құрастырылады.

Тапсырма: «Бес асыл іс» және «Бес дұшпан»

Бес асыл іс

  • Талап
  • Еңбек
  • Терең ой
  • Қанағат
  • Рақым

Бес дұшпан

  • Өсек
  • Өтірік
  • Мақтаншақтық
  • Еріншектік
  • Бекер мал шашпақ

Шығармашылық жұмыс: қасиеттерді ажырату

Оқушылар адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді еске түсіріп, берілген бетшеге жазады.

Ақ тізім (жағымды қасиеттер)

  • еңбекқор
  • шыншыл
  • әдепті
  • ұқыпты
  • қамқор
  • көпшіл

Қара тізім (жағымсыз қасиеттер)

  • әдепсіз
  • өтірікші
  • еріншек
  • салақ
  • мақтаншақ
  • тентек

Топпен ән айту

«Болайықшы осындай» әні (сөзі мен әні: А. Меңжанова).

Дәптермен жұмыс

Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Сол жануарлардың (күшік, мысық, тауық, қоян, лақ, қозы және т.б.) суретін салыңдар.

Үй тапсырмасы

«Мен кім болам?» тақырыбына сурет салып келу.

Дереккөз

Мектеп

«Жібек жолы» жалпы орта мектебі

Автор

Бастауыш пәні мұғалімі: Миманжораева Гүлжан Қуанышқызы

Орналасқан жері

ОҚО, Шымкент қаласы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Атамекен ауылы