Қалың - қалың қар

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Ақмола облысы, Степногорск қаласы №2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Анаргүл Көкешева.

Тақырып

Қыс мезгілі және грамматикалық тақырып: Сын есім (5-сынып).

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, сурет.

Көрнекіліктер

  • Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер
  • Кесте (таблица)
  • Оқулық

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қыс мезгіліне қатысты жаңа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілетін және белсенділігін арттыру; сын есімдерді ауызекі сөйлеуде және жазба жұмыстарында дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Қыс мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, әсемдігін көрсете білуге бағыттау және оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекшінің хабарламасын тыңдау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қыс мезгіліне байланысты сурет салып, оны қазақ тілінде қорғау.

Қызығушылықты ояту (сұрақтар)

  • Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
  • Сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?
  • Қыста ауа райы қандай болады?
  • Қыста қандай мерекелер болады?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырыбымыз — Қыс мезгілі, ал грамматикалық тақырыбымыз — сын есім.

1) Сабақ мақсатымен таныстыру

Сабақ соңында оқушылар қысқа қатысты сөздерді қолданып сөйлей алады және сын есімді сөйлем ішінде орынды қолданады.

2) Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастыру (ауызша).

Қалың — густой

Қалың қар

Қалың қар жауды.

Аяз — мороз

Қатты аяз

Қаңтарда қатты аяз болады.

Шаңғы — лыжи

Шаңғы тебу

Қыста шаңғы тебемін.

Тон — шуба

Жылы тон

Маған анам жылы тон сатып әперді.

Сұрақтар

  • Қыс мезгілі несімен қызықты?
  • Қандай мерекені асыға күтесіңдер?
  • Қыс айларын атаңдар.

Оқулықпен жұмыс

  • 1-жаттығу: диалогты рөлге бөліп, түсініп оқу.

Дыбыстық талдау

«Қыс», «боран» сөздеріне дыбыстық талдау (математикалық тәсілмен). Талдау үлгісі: Боран — 5 = 2 + 3.

Тіл қатысына қарай
жуан — 2 (о, а), жіңішке — 0
Жақтың қатысына қарай
ашық — 2 (о, а), қысаң — 0
Еріннің қатысына қарай
еріндік — 1 (о), езулік — 1 (а)
Дауыссыз дыбыстар
қатаң — 0, ұяң — 1 (б), үнді — 2 (р, н)
Буынға бөлу
Бо-ран — 2 буын: 1-буын — ашық, 2-буын — бітеу

Грамматикалық тақырып: сын есім

Сын есімнің ережесі түсіндіріліп, мысалдарды оқушылар өздері айтып, сөйлемде қолданады.

Тапсырма

Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, сын есім жасап, сөйлем құраңдар.

Мысал

Мерекемерекелік

Жаңа жылдық мерекелік дастарқанға дайындалып жатырмыз.

Сөздер

қыс қар күз мереке қызық аяз орман кеш қараңғы мереке

Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздерді меңгергенін және сын есімді сөйлемде қалай қолданғанын қысқаша айтып шығады.

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сөздерді және ережені жаттау.
  2. 2-жаттығу: кесте бойынша әңгіме құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, ауызша жауаптары және тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.