Баланың ұяты әкеге

Ана – өмірдің шуағы

Көктеммен бірге көңілге жылу ұялайды. Қар астынан қылтиып шыққан бәйшешек көктемнің алғашқы хабаршысындай болса, 8 наурыз — аналар мен қыздарды ардақтайтын мейрам. Нәзік көрінсе де, бәйшешек қалың қарды жарып шығады. Дәл сол сияқты, асыл аналарымыз да мейірім мен сабырдың күшімен талай қиындықты еңсереді.

Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе бар мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Мақсаты

А

8 наурыз — аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі мен адамзат өмірінің бастауындай болған ананың еңбегін қадірлеуге, үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, сыйлауға баулу.

Ә

Қыздарды әсемдікке, іскерлікке тәрбиелеу; қабілеті мен талантын дамытуға қолдау көрсету.

Б

Балалардың анаға деген махаббатын тереңдету; ер балаларды қыз балаға қамқорлықпен қарап, сыйластық танытуға тәрбиелеу.

8 наурыз мерекесінің шығу тарихы

Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күрес күні ретінде енді. 1857 жылы 8 наурызда Нью-Йорк қаласында тігін және аяқ киім фабрикаларында еңбек еткен жұмысшы әйелдер манифестке жиналды. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі құрғақ жұмыс орнын және ер адамдармен тең жалақы талап етті.

Сол кезеңде әйелдер 16 сағат бойы ауыр еңбек етіп, өте аз жалақы алатын. 1857 жылдың 8 наурызынан бастап кәсіподақ мүшелігіне әйелдер де қабылдана бастады. Бұл күні бірқатар қалаларда әйелдер сайлау құқығын талап етіп, шеруге де шықты.

1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтуді ұсынды. Бұл ұсыныс әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдерді өз құқықтары үшін күресуге үндеді. Сонымен бірге әйелдерді кедейшілікке қарсы тұруға, еңбекті бағалауға, ар-ожданды қадірлеуге және бейбітшілік үшін күресуге шақырды.

Тарихи дерек

Бұл мейрам алғаш рет 1911 жылы 19 наурызда Дания, Австрия, Германия және Швейцария елдерінде аталып өтті.

Бүгінде 8 наурыз әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. Дегенмен әр халық оны өз дәстүрімен тойлайды: Португалия мен Румынияда әйелдер кешке “Women-only” форматындағы мерекелік кешкі асқа жиналса, Италияда жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тәрізді гүлдер сыйлайды. Ресейде гүлмен қатар шоколад та кең тараған сыйлықтың бірі.

Ана туралы ойлар мен нақылдар

Әйел жерден шыққан жоқ,
Ол да еркектің баласы.
Ерлер көктен түскен жоқ,
Әйел — оның анасы.
А. Тұрмағамбетов
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
В. Г. Белинский

Мақал-мәтелдің ізін жалғастыр

Төмендегі жолдар — ойды толықтыруға арналған тапсырма. Оқушыларға да, отбасылық әңгімеге де жарасатын шағын жаттығу: мақалдың жалғасын тауып көріңіз.

  1. 1.Алып анадан туады,
  2. 2.Ананың ізін қыз басар,
  3. 3.Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
  4. 4.Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы,
  5. 5.Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді,
  6. 6.Ана алдында құрмет,
  7. 7.Ағайынның алтын сарайынан
  8. 8.Астың дәмін тұз келтірер,
  9. 9. Ата — асқар тау, Ана — бауырындағы бұлақ, Бала —
  10. 10.Шешен сөз бастар,
  11. 11.Әке көрген оқ жонар,
  12. 12.Жақсы байқап сөйлейді,
  13. 13.Баланың ұяты әкеге,

Құрмет пен құттықтау

Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!

Әрқашан да аналар беделі биік болсын! Осы игі тілекпен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп • Джамбозова Г. Т.