Қызыққандай біздерге дала мына, бара жатты құбылып шалғын - кілем
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Көгалды алаң. Сүт сәуле қырды басқан,
біз отырмыз жанардан арман ұшып.
Еленбейтін бұрынғы жұлдыз, аспан -
бәріне таңданысып.
Теңесем де өзіңді жасықтармен,
бір батылдық көруді аңсап едім.
Кеткім келген кісі боп асыққанмен,
жібермей қалса дедім.
Батылдық па күтпеген, жүрек пе із?; і
сені маған жіберген сүйікті етіп?
Менің балғын денемді дір еткізді
қолдарың тиіп кетіп.
Құшақтадың. Соны аңсап бір тынбап ем
(бір бұлқыныс басталды іште керім),
ашуланған кісі боп бұлқынғанмен,
құшақтай түссе дедім.
Адам деген бақыттан тұншығады, ә,
шырын сәтте бойында қан тасыған.
Біздер жаққа қарауға қымсына ма -
ай жатыр шалқасынан.
Қызыққандай біздерге дала мына,
бара жатты құбылып шалғын - кілем.
Сонда сенің тұп - тұнық жанарыңа
тұтқын боп қалдым білем...
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Төле би туралы соны деректер
Гобелен технологиясында абстарктілі интерьерлік панно тоқу
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
Су табиғи қор ретінде пайдалану және қолдану
СЫНЫП ҰЖЫМЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ