Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Орта ғасырлардағы Қытай мемлекетінің шаруашылығы, қолөнері, саудасы, өнері, ғылымы мен әдебиеті туралы тарихи мәлімет беру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-пікірі мен көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізуге және тарихи оқиғаларды талдай білуге үйрету.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар және сабақ форматы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • III–X ғасырлардағы Қытайдың саяси картасы
  • Тірек сызбалар және қосымша материалдар

Әдістері

  • «Кім жылдам?»
  • «Математикалық қобдиша»
  • «Тарихи сынақ хат»
  • «Суреттер сөйлейді»

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті.

Жедел сұрақтар «Кім жылдам?»
  1. 1. Б.з. I ғасырда Қытайда қандай дін тарай бастады?
  2. 2. Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?
  3. 3. 616 жылға дейін Қытайды қай әулет басқарды?
  4. 4. Қытайда буддизм қай ғасырда кең тарады?
  5. 5. Даосизм дегеніміз не?
  6. 6. Әр шаруашылыққа (шаруаға) қанша жер берілді?
  7. 7. Неліктен Қытайды «Жібек елі» деп атайды?
  8. 8. Шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар қайсы?
  9. 9. Император билігінің сипаты қандай болды?
  10. 10. Қытай жері әкімшілік жағынан неше аймаққа бөлінді?

Тапсырма: «Математикалық қобдиша»

Төмендегі өрнектердің мәнін есептеп, шыққан санға сәйкес қандай тарихи оқиға болғанын айтыңдар.

100 * 3 * 11
1240 * 127
15 * 400 * 201
3 * 200 * 16
1000 * 500 * 89

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспар

  1. Қала, қолөнер және сауда
  2. V–IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті

Қала, қолөнер және сауда

III–VII ғасырларда Қытай мемлекетінде қалалар саны көбейе бастады. Ежелгі Қытайдың ірі қалалары — Чаньань, Лоян, Тайюань және портты қала Гуанчжоу — өсіп, дамыды. Қалалар қолөнер мен сауданың негізгі орталығына айналды.

Қолөнер

  • Мата тоқу өндірісі кең өріс алды.
  • Фарфор өндірісі қарқынды дамыды.

Ішкі сауда

Қала саудасы тұрақты дүкендерде және жайма базарларда жүргізілді.

Сыртқы сауда бағыттары

  • Құрлық арқылы: Моңғолиямен және Оңтүстік Сібір өңірлерімен сауда байланысы болды.
  • Ұлы Жібек жолы арқылы: Жоңғария, Қашқария, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан бағыттары арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды.
  • Теңіз арқылы: Үнді, парсы және араб елдерімен сауда жүргізілді.

Ақша айналымы

Қытай — ертеден-ақ теңге шығарып келген ел. XI ғасырда қағаз ақша қолданысқа ене бастады.

V–IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті

V–VI ғасырларда Қытайда өнер, әдебиет және ғылым қарқынды дами бастады. Халық емшілігі дамып, аспан әлемі туралы ғылыми байқаулар мен жаңалықтар жасалды.

Ғылым мен білім

  • Қағаз жасау және кітап басып шығару ерте дамыды.
  • Өсімдіктердің құрамын зерттеп, дәрі-дәрмек әзірлеу жолға қойылды.
  • Қытай географтары Үндістан мен Орта Азияға сапар шегіп, ондағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы еңбектер жазды.

Діни өнер және сәулет

  • Будда бейнесін салу кең тарады.
  • Пагода тұрғызу дамыды (бірнеше қабатты, биік мұнаралар).

Тұлғалар мен мұра

Сюань Цзянь

645 ж. үнді халықтары туралы еңбек жазды.

Ли Бо

701–762

Ду Фу

712–770

Бо Цзюй-и

772–846. Ақындардың еңбектері дүниежүзілік классикалық мұра қорына енді.