Бүгінгі сабағымыздың қанатты сөзі

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі — Шолакова Райса Бабаевна.

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың салдары мен зардаптарын түсіндіруге, шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипатын ажырата білуге бағытталады.

Білімділік

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың салдары мен зардаптарын, сондай-ақ шаруалар қарсылығының ауқымы мен санатын анықтау.

Дамытушылық

Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру, білімді тереңдету және өзіндік ой қорытуға үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу; өткен тарихты байыппен бағамдай білуге және Отанды сүюге баулу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерін қысқаша таныстыру.

Қанатты сөз

«Өткенді білмей — қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын».

Әл-Фараби

Қызығушылықты ояту

Сұрақ: «Ұйымдастыру» дегенде көз алдыңызға не елестейді?

тәртіп жоспар ынтымақтастық жауапкершілік мақсат