1990 жылы сәуірінен Қазақстан Республикасының президенті
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты
- Оқушыларды 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау.
- Елбасының өмірбаяны, еңбек жолы және еңбектері туралы мәлімет беру.
- Оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру; Отанды сүюге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
- Өз ұлтын қадірлейтін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыруға ықпал ету.
Көрнекілігі
Қазақстан Республикасының рәміздері
Ту, Елтаңба, Әнұран
ҚР картасы
Ел аумағы мен өңірлерді көрсету
Кітап көрмесі
Тақырыптық әдебиеттер
Н. Ә. Назарбаевтың портреті
Көрнекі материал
Бейнематериалдар, әндер және слайдтар
Патриоттық бағыттағы мультимедиа материалдар
Жүру барысы
Жүргізуші сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, бүкілхалықтық мереке. Баршаңызды осы айтулы күнмен құттықтаймын.
Осы мерекеге орай 8 «а» және 8 «б» сынып оқушылары дайындаған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы портреттік кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Тарихи негіз
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Парламентінің Сенаты 1 желтоқсанды — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде мемлекеттік мереке етіп бекіткен заңды қабылдады.
Бұл — еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде ел бірлігін нығайтуға, Конституцияны, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.
Осы заңның қабылдануы арқылы Тұңғыш Президенттің Республикаға сіңірген еңбегі танылып, азаматтардың отаншылдық рухын арттыруға серпін берді.
Елбасымыз туралы жақынырақ танысу үшін назарымызды экранға аударайық.
Елбасы өмір жолына шолу (слайд бойынша)
- 1940 жыл, 6 шілде: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келді.
- 1967 жыл: Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын тәмамдады. Экономика ғылымдарының докторы.
- 1960–1969 жж.: Қарағанды металлургия зауытында еңбек етті. 1969–1973 жж.: Теміртау қаласында партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
- 1973–1977 жж.: Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977–1979 жж.: Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.
- 1979–1984 жж.: Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы. 1984–1989 жж.: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
- 1989–1991 жж.: Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан–сәуір: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы. 1990 жылғы сәуірден бастап: Қазақстан Республикасының Президенті.
- 1991 жыл, 1 желтоқсан: Қазақстан Президентінің тұңғыш жалпыхалықтық сайлауы өтті. Н. Ә. Назарбаев 98,7% дауыспен жеңіске жетті.
- 1995 жыл, 29 сәуір: Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
- 1999 жыл, 10 қаңтар: Жалпыхалықтық сайлауда 79,78% дауыс алып, қайта сайланды.
- 2005 жыл, 4 желтоқсан: Сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, қайта сайланды.
Жүргізуші
Болашағым — Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз — Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке —
Қазақстан Республикасының қалауы.
Назарбаев — тек мықты Президент қана емес, сонымен бірге дана тұлға әрі ұлағатты ұстаз. Мұндай саясаткерлер әлемде сирек кездеседі.
Түркия президенті Абдулла Гүл Н. Назарбаевты «Түркі әлемінің көшбасшысы» деп атап, Елбасымызға арнап Түркия астанасы Анкарада ескерткіш орнатылғанын да білеміз. Бұл — оның идеялары мен бастамаларының халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанының айғағы.
Ақын Маралтай Ыбыраев Н. Назарбаев туралы «Кие» атты поэма жазған. Поэмадан үзінді оқу үшін ортаға 8-сынып оқушыларын шақырамыз.
Қабыл алыңыздар!