Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың типі

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

Пән және мұғалім

География пәні
Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы

Сабақтың тақырыбы

Табиғи қоршаған орта

Сабақ форматы

Типі:
Жаңа білімді меңгерту
Түрі:
Ашық сабақ

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Ғаламшарымыздағы табиғи орта мен ондағы ағзалардың өзара тығыз байланыста өмір сүруін және таралуын түсіндіру.

Тәрбиелік

Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін ұғындыру; эстетикалық тәрбие беру және экологиялық сауаттылыққа баулу.

Дамытушылық

Жаңа технологияларды меңгерту және қосымша тапсырмалар арқылы логикалық ой-өрісті дамыту; білімді тереңдету және техникалық құралдар арқылы қызығушылықты арттыру.

Әдістер

  • Түсіндіру, баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Топтастыру әдісі
  • БҮҮ әдісі
  • «Мұратқа жету» әдісі

Көрнекілік және байланыс

Көрнекілігі:

Оқулық, дүниежүзі картасы, сызбалар, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:

География, экология, биология, сурет, өзін-өзі тану және т.б.

Жаңа тақырып: тіршілік ортасы

Тіршілік ортасы — тірі ағзалардың бір-бірімен байланыста өмір сүретін табиғаттың бір бөлігі. Жер шарында тірі ағзалар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, бірнеше ортада тіршілік етеді.

Тіршілік ортасының негізгі түрлері

  1. 1 Сулы орта
  2. 2 Жер беті (құрлық) ортасы
  3. 3 Ауа ортасы
  4. 4 Тірі ағзалардың өзі (паразиттер мекендейтін орта)

Бәсекелестік жағдайында тіршілік ете отырып, ағзалардың сол ортаның табиғи жағдайына икемделуін адаптация деп атаймыз.

Сабақ барысы

Кезеңдер тізбегі

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Тапсырмалар орындау
  5. V. Бекіту сұрақтары
  6. VI. Үйге тапсырма
  7. VII. Бағалау
  8. VIII. Қорытындылау

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 §52 «Жасанды бірлестік» тақырыбы бойынша түсінік айту.
  2. 2 Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Тапсырмалар жүйесі

I деңгей: «Топтастыру»

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды топтастырып, тіршілік ортасының түрлерін және олардың ерекшеліктерін жүйелеу.

II деңгей: «Географиялық диктант»

Төмендегі сөйлемдердегі бос орындарды толықтырыңыз:

1) Барлық тіршілік иесі үшін , , , маңызды рөл атқарады.

2) Ғаламшарымыздағы алуан түрлілігі тірі ағзалардың көптүрлілігінен кем түспейді.

3) Сүтқоректілердің ыстық ауа райымен күресуінде ерекше рөл атқарады.

III деңгей: «Мұратқа жету» әдісі

Ынталандыру сөздері

Бәрекелді! Мұратыңа жет! Қызыға біл! Ұмтылыс жаса! Ниет қыл! Құштар бол!

  1. 1 Күн суытқанда ұйқыға кететін жануар қандай?
  2. 2 Күн суытқанда жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?
  3. 3 Күндіз ұйықтап, түнде жортуылға шығатын құстар қалай аталады?
  4. 4 Ыстық ауа райымен күресуде қай жануарлар түрінің құлағы ерекше рөл атқарады?
  5. 5 Қорегін тауып жеуі үшін сыртқы пішіні өзгерген жануарларға мысал келтіріңіз.

IV деңгей: Ой толғаныс

Тірі ағзалардағы паразиттерді көз алдыңызға елестетіп, олардың суретін салыңыз.

Бекіту және бағалау

БҮҮ әдісі

Оқушы өз білімін төмендегі бағандар арқылы талдайды және қорытынды жасайды.

Білгенім Үйренгенім Білгім келеді Таң қалғаным
Жауап Жауап Жауап Жауап

Тест жұмысы

1) Тірі ағзаларды тіршілік ортасына бейімделуіне байланысты неше топқа бөлеміз?

  • а) 2
  • ә) 4
  • б) 6
  • в) 3

2) Тіршілік иесі үшін ненің маңызы зор?

  • а) температура, су, ауа
  • ә) топырақ, жылу, күн
  • б) ылғал, ауа, өсімдік
  • в) температура, жарық, ылғал

3) Тау жыныстарының бұзылуына және топырақтың қалыптасуына ненің маңызы зор?

  • а) температураның
  • ә) бірлестіктің
  • б) тірі ағзалардың
  • в) топырақтың

4) Адаптация дегеніміз не?

  • а) тірі ағзалардың жауынан қорғануы
  • ә) табиғаттың құрамдас бөлігі
  • б) табиғат жағдайына және ортаға бейімделіп өмір сүруі
  • в) ағзаларды қалыптастыратын тіршілік ортасы

5) Тірі ағзалардың өзі — …

  • а) паразиттер мекендейтін дүние
  • ә) өсімдіктің тіршілік ортасы
  • б) флора
  • в) фауна

Үй тапсырмасы және қорытынды

Үйге тапсырма

  1. 1 §53 «Табиғи қоршаған орта» тақырыбы бойынша түсінік айту.
  2. 2 129-беттегі емен жібек көбелегінің қуыршағының суретін салу.

Бағалау және қорытындылау

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі. Қорытынды бөлімде негізгі ұғымдар қайталанып, тіршілік ортасы мен адаптацияның маңызы жинақталады.

Негізгі түйін: тіршілік ортасының әртүрлілігі — табиғаттағы тепе-теңдіктің негізі, ал адаптация — ағзалардың сол ортада өмір сүруінің басты шарты.