СЕРПІНДІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ

Бәріміз өмірде жетістікке жеткіміз келеді: армандаймыз, мақсат қоямыз, жоспар жасаймыз. Бірақ соның бәрі іске аса бермейді. Көп адамға мотивация жетіспей қалады — шаршайды, кейінге қалдырады, бастағанын аяқсыз қалдырады.

Өз тәжірибемде мұндай жағдай жиі болды: жоспар құрып аламын да, ары кетсе бір апта орындап, кейін ауытқып кетемін.

Годин жүйесі мотивацияның төмендеуінің 5 негізгі себебін атап көрсетеді:

  • 1 Уақытыңыз жетпейді.
  • 2 Ақшаңыз таусылады.
  • 3 Қорқасыз.
  • 4 Жауапкершілікті елемейсіз.
  • 5 Қызығушылығыңыз жоғалады.

Кедергілерден шығудың 6 жолы

Төмендегі тәсілдер мотивацияны сақтап, істі соңына дейін жеткізуге көмектеседі.

1) Үлкен миссия

Алдыңызға үлкен міндет қойыңыз. Мысалы, бизнесті дамыту үшін ғана «жақсы кәсіпкер» болуға ұмтылмай, отбасыңызды жақсы өмірмен қамтамасыз ету үшін әрекет етіңіз. Мағынасы терең мақсат шаршағанда да алға жетелейді.

2) Орта

Өз салаңызда жетістікке жеткен адамдармен араласуға тырысыңыз. Айналаңыздағы орта сіздің әдетіңізге, тәртібіңізге және сеніміңізге тікелей әсер етеді.

3) Серпінді ойлауды дамыту

Нәтижеге ғана байланып қалмай, процестің өзіне көңіл бөліңіз. Біреуге бір нәрсені дәлелдеуді доғарып, дағдыларыңызды жүйелі түрде дамытыңыз.

4) Күн тәртібін жасау

Бір күнге өз әл-қуатыңызға сай жоспар құрыңыз. Өзіңізге тым көп міндет артып қоймаңыз — шынайы жоспар тұрақтылықты күшейтеді.

5) Бөлісу

Білгеніңізді біреуге айтып, үйреткенде ақпарат әлдеқайда жақсы бекітіледі. Есте сақтаудың ықтималдығы жоғары — шамамен 90%.

6) Келісімге келу

Өзіңізбен шарт жасаңыз: «Егер А тапсырманы Б уақытында орындамасам, онда С болады немесе С істеймін». Адамда жоғалтатын нәрсе болса, ол әрекетті тастамауға барынша тырысады.

Сәттілік!

Автор: Ботакөз Қамзан