Функцияның қасиеттеріне есептер шығару
Сабақтың тақырыбы
Функцияның қасиеттеріне есептер шығару (Алгебра, 10-сынып).
Сабақтың мақсаты
- Функцияның қасиеттерін зерттеуге арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру; шапшаңдыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
- Адамгершілікке және ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс істеу барысында бір-бірін тыңдауға, көмектесуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы.
Оқыту әдісі
БИС (Биоақпараттану және синергетика) технологиясы.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Презентациялар
- ОӘЖС сызбасы
- Плакат
- ООМ (орынға отырғызу матрицасы)
Сабақ барысы
I
Қызығушылығын ояту
Ортаға көшбасшыны шақырып, сыныпты ынталандыру және сабаққа бағыттау.
II
I цикл
Тақтаға үш сарапшы шақырылып, ОӘЖА (оқу әрекетінің жинақталған амалдары) кестесі бойынша өткен тақырыптарды түсіндіреді. Терминдерді дұрыс қолдануға және сауатты сөйлеуге ерекше назар аударылады.
Өткен тақырып бойынша түсіндірілетін сұрақтар:
- Функцияның анықталу облысы және мәндер жиыны
- Функцияның нөлдері
- Функцияның ең кіші оң периодын табу
- Функцияның таңба тұрақтылық аралықтары
- Функцияның өсу және кему аралықтары
- Функцияның экстремумдары
- Функцияның тақтылығы және жұптылығы
Негізгі бөлім:
Функцияның қасиеттеріне есептер шығару және нәтижелерді талдау.