Сабақ бойтұмары

Сабақ тақырыбы

Шерхан Мұртаза — «Жүз жылдық жара» (презентациямен).

Сабақ түрі

Технология (БЖС)

Типі

Жаңа материалды меңгерту

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Қорытынды

Ауызша

Сабақ мақсаты

  • Жазушының өмірі туралы мәлімет бере отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту.
  • Еркін ойлау дағдысын қалыптастыру: өз көзқарасын дәлелдеп жеткізу, өзгені тыңдау, таным қабілетін дамыту.
  • Табиғатқа жанашырлықты ояту, «кие» ұғымының мәнін ұғындыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сұрақ: «Каникулда қалай демалдыңдар?»

II. Мақсат қою және кіріспе

Шерхан Мұртаза — Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, қоғам қайраткері. Бүгін жазушының шығармашылық әлеміне үңіліп, туған жері — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ өңірінің табиғатын суреттейтін «Жүз жылдық жара» әңгімесімен танысамыз.

Шығармалары (іріктеме)

  • «Ахметжанның анты»
  • «Интернат наны»
  • «41-жылғы келіншек»
  • «Қызыл жебе»
  • «Ай мен Айша» (роман)

III. Электронды оқулық

Тақырып: Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы

IV. Сабақ бойтұмары

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ».
— ой өзегі

Әңгіменің композициялық құрылысы

Басталуы

Мыңбұлақта өскен Бахтияр бауы мен қасиетті Байшынар ағашы таныстырылады.

Шарықтау шегі

Жуанқұлдың киелі Байшынарға балта шабуға бел байлауы.

Шиеленісуі

Ауыл адамдарының амалсыздықтан киіз үйлерді де, Бахтияр бауындағы ағаштарды да отынға жағуы.

Дамуы

Соғыспен қатар ақпанның қыспағы ауыл тіршілігін одан әрі ауырлатады.

Шешімі

Байшынардың киесі жібермейді — сөздің де, салдардың да салмағы сезіледі.

Тілдік талдау: сөздер сөйлейді

Негізгі ұғымдар

Бау
Әр түрлі өсімдіктер, гүлдер, жеміс ағаштары отырғызылған жер.
Шілік
Сулы жерде өсетін, жіңішке, солқылдақ бұта.
Түйежапырақ
Жапырағы ірі болып өсетін жабайы өсімдік.
Шынар
Биіктігі 40 метрге дейін жететін ірі ағаш. Қазақ ұғымында қол жетпес асылын шынарға теңеген.

Емдік өсімдіктер (іріктеме)

Адыраспан
Дәрілік мақсатта жапырағы мен гүлін жинайды. Улы өсімдік. Халық емшілігінде, сондай-ақ мал-дәрігерлік тәжірибеде қолданылған.
Көкемарал
Бұғылар күз-көктемде тамырын тұяғымен қазып жегендіктен «марал шөп тамыры» атанған өсімдік.
Күшәла
Биіктігі 20–40 см болатын көп жылдық, жартылай улы шөптектес өсімдік. Гүлінің ішкі беті қара түсті.

Сөздік жұмысы

Нысана сөздер: шынар, адыраспан, күшәла.

Оқылым және БЖС кезеңдері

1-цикл

Мәтін бойынша кілт сөздерді белгілеу.

Шоқыбас Киіз үй Бахтияр Кенжегүл Шүберек Бадырақ Дадабай Аттандау Ара Аспантау Үңгір Өрт Қарғыс Кие

2-цикл

Ес: 63% — 1 минутта жазу.

3-цикл

Кітаппен жұмыс: 6 минут оқылым.

ҚС: 63% — сөздердің мағынасын ашу.

Сыни ойлау сұрақтары (Иә/Жоқ)

Төмендегі тұжырымдарды мәтін мазмұнына сүйеніп белгілеңіз.

1) Мыңбұлақтың Шоқыбас сайында Бахтияр баба бауында қасиетті Байшынар өсіп тұр.

Иә

2) Ақпан айында Мыңбұлақта отын таусылып, халық киіз үйлерін жаға бастады.

Талқылау

3) Халық аруақтан, құдайдан қорықса да, Бахтияр бауындағы ағаштарға балта шапты.

Иә

4) Жалғыз өзі асқақтап тұрған Байшынарға кезек келді.

Талқылау

5) Кенжегүл кемпір орманнан шәйшөп, дермене, күшәла, адыраспан теретін.

Иә

6) Бахтияр бауында қаршыға, итегі, тұрымтай, үкі көп болатын.

Иә

7) Колхоз бастығы Жуанқұлдың досы Дадабай ауылда тұрады.

Жоқ

8) Жуанқұл, Дадабай және жалдап алған адам Қабасақал қос атты жегіп, Байшынарға беттеді.

Иә

9) Кенжегүл кемпірдің аттандаған дауысын темір дүкендегі ақсақ Ахмет анық естіді.

Иә

10) Үшеуі масаңдау; әйтпесе жай арамен Байшынарды құлату оңай емес екенін білер еді.

Иә

11) Ахмет олардың ісіне еш мән бермеді.

Жоқ

12) Дадабай достарына Аспантау сияқты алып ара керектігін айтты.

Жоқ

13) Қара күш салынған сайын, Байшынардың бүйірінен үңгір пайда болды.

Иә

14) Қабасақал балта шапқан қуысқа жанармай төгіп, от қойды.

Иә

15) Кенжегүл кемпір бұл үшеуін қарғады.

Жоқ

16) Қаруланған халық бұл үшеуіне лап берді.

Иә

17) Қырық жыл өтсе де, Жуанқұл да, Байшынар да тірі, бірақ екеуі де жаралы.

Иә

18) Жуанқұл күндіз-түні құдайдан өлім тіледі.

Талқылау

Мәтінмен жұмыс: көркемдік бірліктер

Мақал-мәтелдер

  • «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады.»
  • «Біреу өлмей, біреу күн көрмес.»
  • «Ұра берсе, құдай да өледі.»
  • «Ылдида сиыр мөңіресе, таудағы арқардың мүйізі сырқырайды.»

Тұрақты тіркестер мен ырымдар

Тұрақты тіркестер

  • «Шыбын жанын шүберекке түю»
  • «Артын бақты»

Ырымдар

  • «Үкі жүрген жер киелі.»
  • «Киелі ағашты кесуге болмайды.»

Атаулар қоры (іріктеме)

Құс атаулары

Үкі, қырғауыл, зымыран құс, сарғалдақ

Емдік шөптер

Шәйшөп, дермене, күшәла, шашыратқы, адыраспан, киікоты, текесақал, қылша, көкемарал

Ағаш атаулары

Шілік, сүмбіл тал, сөгеті тал, ақ терек, көктерек

Кілт ұғым

Кие — табиғатқа, қасиетті нысанға құрмет өлшемі

Шығармашылық жұмыс

RAFT ойыны

Рөл
Байшынар
Аудитория
Ауыл адамдары
Форма
Үндеу
Тақырып
Табиғатты аялау

Сабақ түйіні

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» деген ой — адам мен табиғаттың ажырамас байланысын айқын көрсетеді. Табиғатқа жасалған қастандық — өзіңе жасалған қастандық. Бұған әңгіменің өзегіне айналған қасиетті Байшынардың киесі дәлел.

Табиғаттың азаймасын ажары,
Болмаса екен оның тартар азабы.
Табиғатқа тазалықты тарту ет,
Тарқамасын аң мен құстың базары.