Перде тігу
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Перде туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
- Перде түрлерімен таныстыру.
- Үлгі дайындау және пердені тігу кезеңдерін үйрету.
Дамытушылық
- Перде тігу технологиясын меңгерту.
- Ой-өрісті және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Сапалы әрі ұқыпты еңбек етуге дағдыландыру.
- Өз қателігін және өзгенің қателігін байқап, дұрыс түзете білуге үйрету.
- Шыдамдылық пен табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
- I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын бақылау.
- II. Үй тапсырмасын сұрау.
- III. Жаңа сабақты түсіндіру.
- IV. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
- V. Сарамандық жұмыс.
- VI. Сабақты қорытындылау.
- VII. Оқушыларды бағалау.
- VIII. Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
- Ши қандай өсімдік?
- Өсетін жерлерін атаңыз.
- Ши нешеге бөлінеді?
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Діни мейрамдарда қандай нан пісіріледі?
- Істі немен тігеді?
- Сыйлы қонаққа басты қандай ыдыспен тартады?
- Сырмаққа не түседі?
- Түрлі-түсті матадан тігілген көрпені қалай атаймыз?
- Шаңырақ пен керегені біріктіретін құрал қалай аталады?
Тест сұрақтары
1) Тоқылған шиді не үшін пайдаланған?
- а) Киіз үйдің керегесіне
- б) Киіз үйдің есігіне
- в) Киіз үйдің түндігіне
2) Ши тоқу өнерімен кімдер айналысқан?
- а) Ерлер
- б) Балалар
- в) Әйелдер
3) Шиді қай мезгілде дайындаған?
- а) Күзде
- б) Көктемде
- в) Жазда
4) Шидің биіктігі неше см?
- а) 60–200
- б) 50–250
- в) 40–150
5) Ши өсімдігі қай айда гүлдейді?
- а) Тамыз
- б) Қыркүйек
- в) Маусым
6) Шидің түсі қандай?
- а) Көкшіл
- б) Қызыл
- в) Сары
«Ой қозғау» әдісі
- Суреттің атауы қандай?
- Не бейнеленген?
- Қандай түспен салынған?
Жаңа сабақ: перде тігу
Перде дегеніміз не?
Перде — жан-жағына жылжытылатын немесе жоғары көтерілетін терезе жапқыш. Бұл — жалпылама ұғым. Перде табиғи жарықты реттеп қана қоймай, бөлменің көркемдік ортасын қалыптастырады. Сондықтан перде бөлме интерьерімен үйлесуі тиіс: қабырға түсімен, кілеммен, жиһазбен және жалпы стильмен сәйкес болғаны дұрыс.
Перденің негізгі қызметтері
- Күн көзінен қорғау.
- Салқыннан қорғау.
- У-шу деңгейін азайту.
- Бөгде көзқарастан (жеке кеңістікті сақтау) қорғау.
Мата таңдауда ескерілетін жайттар
Перде матасын таңдағанда тек түсі мен өрнегіне ғана емес, бөлменің көлеміне, терезе ойықтарының пропорциясына, сондай-ақ бөлменің микроклиматына (жарық мөлшері, ылғалдылық, температура) назар аудару қажет.
Кеңістік
Бөлме көлемі мен жиһаз орналасуын ескеріңіз.
Пропорция
Терезе өлшемі мен биіктігіне сай ұзындық таңдаңыз.
Климат
Жарық, жылу және ылғалға төзімділігін қарастырыңыз.
Жобалау және тігу кезеңдері
Ламбрекен: жоғарғы бөлікті безендіру
Перденің жоғарғы жағын көркемдеу үшін ламбрекен қолданылады. Бұл — перденің үстіңгі бөлігін бойлай орналасатын, көлденең бағытта драпталатын қысқа сәндік элемент. Ламбрекендер қатты және жұмсақ болып бөлінеді.
Қатты ламбрекен (бандо)
Арнайы материалдар негізінде жасалады: термобандо, флизелин, дублерин, каркас.
Жұмсақ ламбрекен
Есік пен терезені безендірудің кең тараған түрі. Түрлері: буф, «жауқазын» және т.б.
Перде түрлері
-
Классикалық перде
Жан-жағына жылжытылатын терезелік перде; көбіне ламбрекенмен толықтырылады.
-
Римдік перде
Арнайы карнизге бекітіледі; жоғары көтерілгенде кең көлденең қатпарларға жиналады.
-
Француздық перде
Жеңіл матадан тігіледі; портьера және ламбрекенмен үйлестірілуі мүмкін.
-
Австриялық перде
Римдік пен француздық перденің аралық нұсқасы; тік және көлденең қатпарлары бар.
Дизайндағы симметрия және асимметрия
Перденің дизайны мен композициялық шешімінде терезе маңындағы жиһаздың орналасуы маңызды рөл атқарады. Терезе декорын таңдауда симметрия және асимметрия ұғымдары жиі қолданылады: симметрия — үйлесімділік пен тәртіп әсерін, асимметрия — динамика мен еркін композиция әсерін береді.
Негізгі терминдер
Ламбрекен
Перделік карнизді ішінара немесе толық жабатын драпталған сәндік мата. Жұмсақ және қатты түрі болады.
Портьера
Есікті немесе кең ойықтарды декорациялауға арналған ауыр жапқыш; көбіне қымбат, қалың матадан тігіледі.
Гардина
Терезені толық немесе ішінара жабатын жұқа матадан жасалған жұмсақ жапқыш (тюль, вуаль, сетка, органза).
Сарамандық жұмыс
Сарамандық бөлімде оқушылар мұғаліммен бірге ламбрекен пердесін тігеді: өлшем алады, пішеді, тігіс түрін таңдайды және бұйымды әшекейлеу тәсілдерін қолданады.
Бұйымға қойылатын талап
- Гигиеналық жағынан қауіпсіз болуы.
- Пайдалануға ыңғайлы болуы.
- Әдемі әрі сәнді көрінуі.
- Төзімді, сапалы болуы.
Перде тігу не талап етеді?
- Шыдамдылық пен ұқыптылық.
- Табандылық және ептілік.
- Талғам және эстетикалық сезім.
- Есептеу дағдысы.
- Ізденімпаздық.
Қауіпсіздік ережелері
- Жұмысты ұқыпты орындаңыз.
- Жұмыс барысында сыныптастарыңызға кедергі жасамаңыз.
- Қайшыны ашық күйде қалдырмаңыз.
- Қайшыны басқа адамға бергенде ұшын өзіңізге қаратып, сабынан ұсыныңыз.
- Инемен жұмыс істегенде аса мұқият болыңыз.
- Жұмыс кезінде инеқораптағы немесе инешаншығыштағы инелердің санын бақылаңыз.
- Құрал-жабдықтарды әрдайым өз орнында ұстаңыз.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытынды сұрақтар
- Перде дегеніміз не?
- Ламбрекен нешеге бөлінеді?
- Қатты және жұмсақ ламбрекен қандай материалдармен/маталармен орындалады?
- Перделердің түрлерін атаңыз.
Үй тапсырмасы
Ламбрекен пердені аяқтап, толық тігіп келу.
Бағалау сабақтағы белсенділікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға, тігіс сапасына және ұқыптылыққа қарай жүргізіледі.