Іздеу скважиналары

Мұнай және газ скважиналарын пайдалану бойынша ашық сабақ

Тақырып
Скважина туралы түсінік
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгеру
Әдіс-тәсілдер
Құралдарды көрсету, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ізденіс, ой шақыру

Сабақтың мақсаты

Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсібіндегі рөлін түсіндіру, скважина конструкциясымен таныстыру және олардың қолданылуы туралы жүйелі мағлұмат беру.

1) Білімділік

Студенттердің білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, өз жетістіктерін бағалай білуге бағыттау.

2) Тәрбиелік

Ойлануға, өз пікірін ашық айтуға, сауатты сөйлеуге және өз бетімен ізденіс жасауға үйрету.

3) Дамытушылық

Теориялық білімді практикада қолдану дағдыларын дамыту.

Оқыту әдістері

Топтық жұмыс Сұрақ-жауап Түсіндіру Баяндау Ой шақыру

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиет

  • «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы», Қараулов
  • «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», М. Сақтағанова

Қосымша дереккөз

  • «Ұстаздық ізденістер» журналы

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дайындығына және аудиторияның тазалығына назар аудару.

  2. II. Үй жұмысын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша тапсырмаларды талдау және дайындалған материалдарды қарастыру.

  3. III. Өткен тақырыпты пысықтау (миға шабуыл)

    Ой шақыру әдісі арқылы сұрақтарға нақты және қысқа жауап беру талап етіледі.

  4. IV. Жаңа сабақ

    Жаңа тақырыпты баяндау, негізгі ұғымдарды түсіндіру және мақсатты нақтылау.

  5. V. Сабақты бекіту

    Негізгі терминдер мен түсініктер бойынша қорытындылау, қысқа тапсырмалар орындау.

  6. VI. Үйге тапсырма

    Тақырып бойынша оқу және қысқаша талдау дайындау.

  7. VII. Бағалау

    Студенттердің жауаптары мен белсенділігін бағалау, кері байланыс беру.

Үй тапсырмасын тексеру (тақырыптар)

  • 1 Мұнай кен орындарын дамыту және пайдалану кезеңдері.
  • 2 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы туралы түсінік беру; слайд материалын дайындау.

Миға шабуыл: сұрақтар

Төмендегі сұрақтарға нақты жауап беріңіз:

  1. 1 1899 жылы Атырау облысы Жылыой ауданындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылаған. Бұл алаң қалай аталады?
  2. 2 Кеніш дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
  3. 3 Қабат қысымы дегеніміз не?
  4. 4 Мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстары неше кезеңнен тұрады?
  5. 5 Қабаттың мұнай бергіштік коэффициенті дегеніміз не?
  6. 6 Кеуектілік дегеніміз не?

Жаңа білімді меңгеру: іздеу және барлау жұмыстары

Жер қойнауында мұнай-газ кенінің бар екенін анықтау, оны ашу, қор көлемін есептеу және кен орнын игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізілетін жұмыстар іздеу және барлау жұмыстары деп аталады.

Іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеу кіреді. Одан кейін кен орнын толық барлау және шекарасын нақтылау үшін скважина қазу (бұрғылау) әдістері белгіленеді.

Іздеу жұмыстарының негізгі кезеңдері

  1. Жалпы геологиялық көрініс картасын жасау.
  2. Алаңның геологиялық құрылысын және негізгі қабаттардың пішіні мен тұрпатын анықтау үшін құрылымдық скважиналар бұрғылау.

Скважиналардың жіктелуі

Геологиялық мақсаттарына қарай

  • Тіректік скважиналар
  • Параметрлік скважиналар
  • Құрылымдық скважиналар
  • Іздеу скважиналары
  • Барлама скважиналары
  • Пайдалану скважиналары (бағалау, бақылау, айдау)
  • Арнайы скважиналар

Негізгі ұғымдар (қысқаша түсіндірме)

Құрылымдық скважиналар — геологиялық карталар жасауға қажетті деректерді жинауға арналған ұңғымалар. Кей жағдайларда кен орындарын іздеу үшін де бұрғыланады; бұрғылау барысында анықталған перспективалы горизонттарға қосымша зерттеу жүргізіледі.

Іздеу скважиналары — геологиялық іздеме жұмыстары арқылы дайындалған учаскелерде жаңа кен орындарын ашу үшін бұрғыланатын ұңғымалар.

Барлама скважиналары — кен орны бар екені дәлелденген учаскелерде өндірістік санаттағы қорды дайындау және игеру жобасын жасау үшін бұрғыланатын ұңғымалар.

Пайдалану скважиналары — сұйық немесе газ тәрізді пайдалы қазбаларды ашу және өндіру үшін бұрғыланатын ұңғымалар.

Анықтама: «скважина» ұғымы және негізгі бөліктері

Скважина — бұрғы қашауы (долото) арқылы қазылатын, тереңдігі диаметрінен бірнеше есе үлкен болатын тау-кен құрылысы.

Бұрғылау ұңғымаларының түрлері

  • Карталау
  • Тіректік
  • Құрылымдық
  • Іздестіру
  • Барлау
  • Өнімдік пайдалану (эксплуатациялық)

Ұңғыманың негізгі терминдері

Саға (устье)
Ұңғыманың жер бетіндегі басталу орны, ернеуі.
Түбі (забой)
Бұрғылау процесінің кез келген сәтінде ұңғыма оқпаны тірелетін ең төменгі нүкте.
Оқпан (ствол)
Ұңғыманың цилиндрлі арнасы.
Ұзындық және тереңдік
Оқпан осі бойымен сағадан түбіне дейінгі арақашықтық — ұзындық; ал тік проекциясы — тереңдік.

Оқытушы туралы

Арнаулы пән оқытушысы: Құспанова Айымгүл Қамбарқызы