Екінші топ сұрақтары

Зерде білім сайысы

Мақсаты

Білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, тез ойлауға, шапшаңдыққа және топпен жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Түрлі түсті қағаздан жасалған кітапшалар
  • Қиылып алынған күннің суреті

Бағалау

Әділқазылар әр дұрыс жауапқа 1 балл береді. Соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ марапатталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, бүгін біз «Зерде» білім сайысына жиналдық. Сайысымызды бастамас бұрын «Әрқашан күн сөнбесін» жаттығуын орындайық.

Тақтадағы күннің бетін бұлттар жауып тұр. Күнді бұлттардан тазарту үшін әр бұлттың астындағы сұраққа жауап береміз. Кім шығып күннің көзін ашуға көмектеседі?

Жылыту сұрақтары

  1. «Бөбек» қорының президенті кім?
  2. Қазақстан неше облыстан тұрады?
  3. Қостанай қаласының ортасынан ағып өтетін өзен қалай аталады?
  4. «Қазақ вальсінің атасы» кім?
  5. Жерұйықты кім іздеді?

Ал енді сайысымызды бастаймыз! Топ басшылары өз топтарын таныстырады: «Ұлан» тобы және «Достық» тобы.

Ойынның басталуы

Сайыс «Су-ли-фа» ойыны арқылы басталады.

Сайыс кезеңдері

1-кезең: «Білгенге маржан»

Тақтада 6 кітапша, әрқайсысының астында сұрақ жасырылған.

1-топ сұрақтары

  1. Дыбыстар мен әріптерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
  2. Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері кімдер?
  3. «Хан», «уәзір», «қолбасшы» қандай сөздер тобына жатады?
  4. Сөздің бастапқы мағынасы қалай аталады?
  5. Синоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
  6. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім?

2-топ сұрақтары

  1. «Қырық өтірік» әңгімесін айтушы бала кім?
  2. Тарихшы, прозашы, философ; араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген; Абайдың немере інісі ақын кім?
  3. Күрделі сөз неше түрге бөлінеді?
  4. Қазақ тіліне тән неше әріп бар?
  5. Сөздердің мағынасын зерттейтін ғылым қалай аталады?
  6. Антоним сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

2-кезең: «Әліппе»

  • Берілген кез келген әріпке сөздер жазылады.
  • Жер-су атаулары, қала атаулары және адам аттары есептелмейді.
  • Екі топ бір әріпке жазады; екі топта бірдей кездескен сөздер есептелмейді.

3-кезең: «Құрастырма сурет»

Монитордан бір сурет көрсетіледі. Қатысушылар сол сурет бойынша ой қорытып, мазмұндап айтып береді.

4-кезең: «Тыныс белгілер еліне саяхат»

Монитордан сөйлемдер беріледі. Қай сөйлемге қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.

  1. Күн бұлттанып жауын жауды
  2. Ауылға барғанда суға түстік
  3. Қалаға барғанда қыдырдың ба
  4. Оқы
  5. Шіркін, ауылға барғанда суға түссек
  6. Сәуле де айтады екен
  7. Қап, бекер барған екенсің
  8. Қандай тамаша жер

5-кезең: «Жұмбақ жасыру»

Топтар кезекпен жұмбақ жасырып, қарсы топтың жауабын тыңдайды.

6-кезең: «Мақал-мәтелдерді құрастыру»

Берілген бөліктерден мақал-мәтелдерді дұрыс құрастырып, мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Қорытынды

Әділқазылар алқасы кезеңдер бойынша жиналған ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңген топ марапатталады.