Әліппем менің, әліппем
Мақсаты
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, ал Әліппенің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқуға және білімді болуға шақыру.
«Әліппемен қоштасу» кешінде балалардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту. Мектепті, ұстаздарды құрметтеуге, еңбекті бағалай білуге, ана тілін сүйіп-қастерлеуге тәрбиелеу. Ата-анасына, Отанына адал ұл-қыз болып өсуіне бағыт беру.
Барысы
Жүргізуші сөзі
Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бірінші сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» мерекесіне қош келдіңіздер!
Бүгін біз барлық ғылымның анасы, болашағымыздың негізі — Әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз. Құрметті балалар! Біз бүгін Әліппемен қоштасамыз. Сіздерді Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтаймын!
Әліппені аяқтау — барлық әріпті танып, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені жемісті аяқтауға көмегін аямаған ата-аналарға мың алғыс! Сүйікті Әліппенің арқасында біз сауатты оқушы қатарына қосылдық.
Ендеше, «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Шашу
Шашу, шашу шашыңдар!
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңгысын жасаңдар.
Кенен Әзірбаевтан үзінді
Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-аршып даладан келгенінде,
Бал иісін таттырып алдайды екен.
Ақын атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Оқушылардың сәлемдесуі
1-оқушы
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Биде билеп, әнде бүгін шырқалар.
2-оқушы
Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз — алаңсыз, балғын шақты балалар.
Хор
Құтты болсын тойымыз!
Сұрақ-жауап
Мұғалім:
Балалар, сендерге бір сұрақ қояйын. Соны хормен жауап беріңдер:
Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан — ол сүйікті Әліппе! Ол сүйікті Әліппе!
Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе ортаға шығады.
Ізгі тілек
Мұғалім:
Сенің нұрың сөнбесін — ашық аспан, жарық күн.
Келешегі сөйлесін қазақ деген халықтың.
Тілі балдай баланың талабына жарық бер,
Ертеңгілік сабағын жүргізеді мына отырған әріптер!
Ән мен өлең
Оқушы
Үйретіп мұғалім алғаш бізге Әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары —
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Ән: «Мұғалім ол, біздің мұғалім».
Мұғалім:
Ал, балалар, Әліппе жайлы не білесіңдер? Қане, ортаға салайық.
Сұрақ
Ең алғаш Әліппені кім жазды?
Жауап: Ы. Алтынсарин — тұңғыш қазақ ағартушысы.
Өсиет
Хор: Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мұғалім:
Сендер Ыбырай атамыздың өсиетін орындап жүрсіңдер ме? Әліппе туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?
Өлең
Әліппем менің, Әліппем!
Сені қолға алдым мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле, жарықпен.