Мереке алтын күз
Берекелі, алтын күз! (ертеңгілік сценарий)
Бұл мәтін — балабақшадағы «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі. Мұнда жүргізушінің сөзі, балалардың жауаптары, тақпақтар, әндер, билер және ойындар қамтылған. Негізгі идея — күздің берекесін, табиғаттағы өзгерістерді, достық пен татулықты әсерлі түрде көрсету.
Кіріспе
Жүргізуші: Береке бақ дарыған, жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған — жетті міне, алтын күз!
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі: айнала түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мереке?
Балалардың жауабы: «Алтын күз» мерекесі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауаптары:
- Күн суыта бастайды.
- Жапырақтар сарғая бастайды.
- Жеміс-жидектер піседі.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Ән: «Күз ырғағы».
Күз туралы тақпақтар
Тақпақ
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нүрия
Тақпақ
Алақай, алақай,
Шаттанды балақай.
Мереке салты — күз!
Мереке — алтын күз!
Анель
Тақпақ
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Әмина
Тақпақ
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Арнай
Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші: Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Онда жердегі шашылып жатқан жапырақтарды тез жинап алайық.
Ойын: «Кім жылдам?» (балалар жапырақтарды жинайды)
Сол сәтте жаңбырдың тырсылдаған дыбысы естіледі.
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауғалы тұр.
Кейіпкерлер: Бұлт пен Күн
Бұлттың сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күзгі көк бұлт мен болам,
Көтеріліп теңізден.
Аспанға биік барамын,
Қаласам қазір сендерге
Жаңбыр болып жауамын.
Бұлт балаларға «жаңбыр» шашады.
Күннің сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен жарқырап төбеде,
Нұрын төгіп тұрамын.
Шуақ шашып бәріне,
Бала жанын ұғамын.
Бұлт: Күн, тоқтай тұр! Ішім толы суға. Сусыз өмір бола ма? Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын!
Екеуі дауласып, аяқтарын топылдатады.
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық.
Би: «Балапандар».
Күзді шақыру
Жүргізуші: Ой, балалар, күз биімізді байқамаған сияқты. Мүмкін, күз туралы тақпағымызды айтайық.
Тақпақ
Өрік, шие балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе — бәрін ал,
«Неге алмасын?» демейді.
Зере
Тақпақ
Алтын, алтын, сары алтын —
Алтын күзде нұр жатыр.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Аружан
Тақпақ
Келді алтын күз менің,
Молшылық күз — береке күз,
Береке күз — мерекеміз!
Мейіржан
Әуенмен ортаға Күз келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ырысқа толы қоймалар! Сабан тойы тойланар. Берекелі күз болам, байлыққа мұртын байланар. Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз! Иә, сені балалар шақырды. Бұлт пен Күн кім мықты екенін таласып тұр. Бізге көмектесші.
Күз: Тынышталыңдар, дауласпаңдар! Татуласу үшін «Бұлт пен Күн» ойынын ойнайық.
Ойын: «Бұлт пен Күн» (әуенмен балалар билейді; әуен тоқтағанда балалар қолшатырға тығылады. Ойын 2–3 рет қайталанады.)
Күзге арналған тілектер мен өнер
Тақпақ
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Нұршат
Тақпақ
Жемісі мол терегі,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Кәусар
Тақпақ
Берекесін сыйлауға,
Ортамызға күз келді.
Нұрай
Күз: Күн мен су бар жерде бау-бақша гүлденер. Күн мен Бұлт тату болса — бәрі де көңілді. Ормандарда әр жерден саңырауқұлақтар көрінді.
Би: «Саңырауқұлақтар».
Ән: «Біз кішкентай баламыз».
«Алтын күз – 2014» сән көрсетуі
Жүргізуші: Енді ортаға аналары тіккен «Алтын күз – 2014» ару қыздарын шақырайық!
Қатысушылар
- Төкенова Анель
- Тұрсын Медина
- Уалихан Айша
- Мағауина Асылжан
- Дүйсенбек Мәриям
- Мәди Раяна
Күз: Біздің достарымыз — Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Сән көрсету барысында Күн мен Бұлт себеттегі жапырақтарды алмаларға «айырбастап» қояды.
Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз сиқырлы екен!
Күн: Олар тәтті алмаларға айналып кетіпті.
Бұл алмаларды балалар топқа барған соң, қолдарын жуып барып жейді.
Қорытынды
Күз: Ендеше, ешқашан дауласпаңдар, дос болыңдар!
Күн, Бұлт, Күз: Ал, балалар, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, міне, біздің «Берекелі, алтын күз» мерекеміз аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды: далаға серуенге шыққанда онымен қайта кездесеміз.
Берекелі бақ — дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болайық бәріміз,
Келгенше күз айналып!
Балалар ән ырғағымен залдан шығады.