Үйлену тойы(Жас жұбайларға жақындарының тілегі)Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып

Үйлену тойы
(Жас жұбайларға жақындарының тілегі)

Өмірдің сыры махаббатпенен астасып,
Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып.
Осынау күнге куә боп отыр ағайын,
Мінеки, бүгін бақытын тапты қос ғашық!

Үйлену тойы, өмірде әлі сының бар,
Осынау жолда біріңді - бірің ұғыңдар.
Қиындық сәттен сендерді алып шығатын
Жарыңды жар боп түсіну деген ұғым бар.

Тағдырларыңда болмасыншы енді сағым күн,
Қуандың бүгін, шаттықтың гүлін тағындың.
Бақытым ұзақ болсыншы десең, жұбайлар,
Жүрегін ұқ та, көңіліне қара жарыңның.

Куәміз бүгін, махаббат таңы атыпты,
Ағайын, дос боп күткенбіз осы уақытты.
Сезім көгінде жүрегі бірге қос ғашық
Осынау жолда болсыншы енді бақытты!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы
ОТБАСЫЛЫҚ ҒҰРЫПТАР ЖӘНЕ БЕТАШАР ЖЫРЫ
Қыз ұзату, үйлену салт дәстүрлері
Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы
Қазақ халқының тұрмыс – салт жырлары
Бастауыш сынып оқушыларының тәрбие жүйесін ізгілендірудің ұлттық мазмұны
Үйлену тойы, оның наным сенімдері мен дәстүрлері
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Құнды қағаздар нарығы
СЫРЫМБЕТҰЛЫ ХАНГЕЛДІ
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
ДАТҰЛЫ СЫРЫМ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты